БҰҰ Бас хатшысы өзбек халқына көңіл айтты

/uploads/thumbnail/20170709062458302_small.jpg

Қыркүйектің екінші жұлдызында БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімовтың дүниеден озуына байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Өз мәлімдемесінде Бас хатшы марқұмның отбасына, Өзбекстан үкіметі мен халқына көңіл айтты. Бұл туралы БҰҰ-ның «Жаңалықтар орталығы» хабарлайды. 

БҰҰ-ның Бас хатшысы Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың және аймақтық, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің нығаюына зор үлес қосқан Президенттің еңбегін атап өтті. БҰҰ Бас хатшысы халықаралық ұйымның алдағы уақытта да Өзбекстан халқымен тығыз қарым –қатынаста болуға дайын екендігін айтты.

Қатысты Мақалалар