Қашқын банкир бүгінгі таңға дейін банкке $4,8 млрд қарыз болған
2014 жылғы қаңтардың 1-нен 2016 жылдағы шілде айының 1 аралығында БТА Банкінің Директорлар кеңесі басшысы Кеңес Рақышевтың тікелей басшылығымен Мұхтар Әблязовтың 1,4 млрд активі қайтарылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Kapital.kz-ке сілтеме жасай отырып.
БТА тобына басшылыққа Кеңес Рақышев келгелі бері активтердің қайтарылуы еселенуде. Англия және Уэльстің жоғарғы соты, Ресей Федерациясы мен Украина, Қазақстан Республикасының жоғарғы сотының шешімімен қаражатты қолма- қол қайтару түрінде, БТА балансына мүліктерді қабылдау, үлес консолидациясы, БТА пайдасына жарғылық капиталды қайтару жүзеге асырылды. Бірақ, ағылшын сотының Әбілязовқа БТА-ға қайтару жөнінде пайыздық өсіммен міндеттеген сомасы 4,8 млрд долларды», -құрайды деп хабарланады.
Банк талаптары мен шешімдері:
Ұлыбритания
- 2015 жыл маусымның 17. Англияның жоғарғы соты Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновқа тікелей немесе жанама қатысты барлық активтердің барлығын бұғаттауға шешім шығарған. 2016 жылдың 23-ші наурызында Англия мен Уэльстің Коммерциялық соты Ілияс Храпуновты өзі және Мұхтар Әблязовтың атынан басқаратын активтер жайлы барлық мәліметтерді ешқандай жалған ақпаратсыз беруге және Банк шығындарын төлеуге міндеттеді;
- 2016 жылдың 17-ші маусымында магистрлер Соты банк активтерін ұрлауды басқарған сенімді адам И.Агравалға қатысты ақпаратты ашу жайлы Бұйрық шығарды.
Бұйрыққа Сай И. Агравал 2012 жылдың қараша айынан бастап 2016 жылдың 29-шы маусымына дейін Әблязов басқарған активтерге қатысты келісімдер туралы барлық керекті ақпараттарды беруі тиіс.
АҚШ:
- Нью-Йорк қ. округті соты (ары қарай - Сот) Алматы қ. Әкімдігінің Ілияс Храпунов, Виктор Храпунов және Мұхтар Әблязовқа қатысты БТА банкіне жауапкер ретінде және БТА Банкінің сот процессіне қатысуы туралы өтінішін қанағаттандырды. Triadou ( АҚШ-тағы М.Әблязов пен И. Храпуновқа қатысты бақылаудағы заңды тұлға) Ныю-Йорк қ. Сотына жатпаушылығы қабылданбады.
Сот банк және Алматы қ. Әкімшілігінің аргументтерін қабыл алды (ары қарай –Қазақстандық тарап), бөтен мүлікті иелену «Ұйымдасқан қылмыс» заңы бойынша жауапкерлерге бұл процессті федералды заң аясында жылдамдатуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Сот Қазақстандық тараптың қамту шаралары туралы өтінішін қабыл алып, есепшотты бұғаттау туралы шешім мерзімін ұзартты.
АҚШ-тың процессті заңы бойынша ары қарай ақпаратты ашу процедурасы жүзеге асады, яғни АҚШ территориясынан кешенді процесс арқылы Мұхтар Әблязов және Ілияс Храпунов ұрлаған ақшаларды оңтайлы динамикада қайтару мүмкін болады. Қылмыскерлердің ақпаратты айтуы негізгі күш болмақ, осы арқылы қазір БТА біле алмай отырған мәліметтерді алып, олардың активтерін бұғаттай алады.