Қарағандыда тапа тал түсте 4 жастағы бала көлік ішінде тірідей жанып кеткен. Қайғылы жағдай үйдің ауласында болған. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған полиция өкілдері көліктің есіктері қалай жабылғанын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.
Ішінде төрт жасар Санжар болған көлік үйдің дәл алдында отқа ораныпты. Бұл - сол күні болған өрттің іздері. Бүлдіршіннің жан айқайын естіген көрші-қолаң көліктің маңайына келуге мүмкіндік болмады,- дейді. Өйткені қызыл жалын 10 шаршы метр жерге дейін шарпыған. Куәгерлер сөзінше, «Фольксваген транспортер» маркалы көлігінің алдыңғы жағы санаулы секундтарда күлге айналған. Ал Санжардың мүрдесі тек от түгел ауыздықталғаннан соң ғана табылған. Ал баласын ажалдан аман алып қалуға тырысқан әкесі бірінші деңгейлі күйік алыпты. Оның бір жақ қолы мен бетін күйік шалыпты. Ал баласынан айырылған ана бірнеше рет есінен танып құлаған. Қара жамылған әйелге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. 4 жастағы Санжар үйдің үшінші баласы екен.
ҚАРЛЫҒАШ ТӘЖІБАЕВА, Куәгер:
- Мен үйге кірдім, сол екі ортада машина резко бабахнула. Ешкім да білген жоқ баланың бар екенін оның ішінде. Ешкім да білген жоқ. Кейіннен білдік бала бар екенін. Жүгірдік, не керек... Шешесі анау жерде құлап жатты, әкесі ол шырылдап жатты.