21- 25 сәуір аралығында «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ өкілдері Орал және Ақтөбе қалаларының мектеп бітіруші түлектерімен ақпараттық кездесулер және тренингтер өткізуде, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі
Кездесулер колледжде және мектептерде өткізілетін болады. Оқушылар APECPETROTECHNIC-ке түсу ережелері туралы біліп, бірінші іріктеу турына қатысу мүмкіндігіне ие болады және өздерін қызықтыратын сұрақтар қоя алады.
«Кәсіпқор» Холдингі өкілдері Орал және Ақтөбе қалаларының орта мектеп оқушыларымен кездесулер өткізіп, «Мансап таңдау» тақырыбында тренингтер жүргізеді. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында «Білім. Қызмет. Мансап - 2014» көрмесіне қатысады.
Ақпараттық кездесулер мен тренингтер:
1) 22 сәуір 2014 ж. сағат 10.00 Орал қаласының орта мектеп түлектері үшін «Мансап таңдау» тренингі, «Евразия»гуманитарлық-экономикалық колледж;
2) 22 сәуір 2014 ж. сағат 15.00 Орал қаласында ашық ақпараттық-таныстыру кездесуі, «Евразия» гуманитарлық-экономикалық колледж;
3) 23 және 24 сәуір 2014 ж. 9.00-17.00 дейін – «Кәсіпқор» Холдингі«Білім. Қызмет. Мансап - 2014» көрмесіне қатысады;
4) 25 сәуір Ақтөбе қаласындамектеп бітірушілер үшін ақпараттық кездесулер мен тренингтер өтеді.
Білім беру көрмесіне қатысу кезінде Холдинг өкілдері көрмеге келушілер үшін презентациялар өткізіп, APECPETROTECHNICке түсу ережелерімен және білім беру артықшылықтарымен таныстырады.
APEC PETROTECHNICке оқуға түскен студенттер келесі мамандықтар бойынша білім алады:
- Мұнай-газ өндіру технологиясы;
- Бақылау өлшеу құралдары және автоматизация технологиясы;
- Кен орындарын пайдалану.
APECPETROTECHNIC -те Холдингтің стратегиялық әріптесі болып табылатын Оңтүстік Альберта Институты - SAIT Polytechnic-тің (Канада) жоғары білікті оқытушылары білім береді.
2014 жылы студенттерді оқыту үшін 300 мемлекеттік грант бөлінетін болады. Толығырақ ақпарат «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ www.kasipkor.kz сайтында.