Көркіңе көз сүрінер - Қарқаралы,
Бір әсем жер екенсің Арқадағы.
Қала өмірі қажытқан жүйкең жасап,
Шеріңді көңілдегі тарқатады.
Қапталың қалың орман, суың тұнық,
Қарасаң биігінен көзің тұнып.
Жаңғақ, дәннен сала жүр қалтаңызға,
Сұрайды көрімдігін тиын шығып.
Түнесең шатыр тігіп орманына,
Бас қатырмай дүние жалғанына.
Жұпар иіс, алуан әуен, жұлдыз жайнап,
Қауышып бала күнгі арманыңа.
Жол жүрсең сай өрлеп сүрдекпенен,
Ылғалды орман ішіне күн өтпеген.
Елік, бұлан, арқардың құт мекені,
Аяғы адамзаттың кірлетпеген.
Мөлдір бұлақ тау басынан құлап аққан,
Елітіп, сыр шертеді бала шақтан.
Селтеңдеген сүйкімді тиындер-ай,
Базарлықты балаша ала қашқан.
Шыдасаң екі сағат ары асасың,
Ақмамық бұлттарменен таласасың.
Сайды құлдап, тағы бір көтерілсең,
Көресің Шайтанкөлдің тамашасын.
Жүрмейсің жартасына қарайламай,
Жаратқан қиыстырып бәрін қалай?!
Көркіне көзің тоймас қарай-қарай,
Шайтанкөл тау басында - шарайнадай.
Қыдыр дарып, құт қонған мекен екен,
Шығыпты нелер көсем, нелер шешен:
Қазбек би, Тәттімбет, ақын Шөже,
Мәди, Әміре, Қасым ақын қылған мекен.
Сай-салаң алуан жеміс - тамаша екен,
Тауысуға келген жан шамасы кем.
Қазақтың батыр ұлы, ғарышкері -
Тоқтарда осы өңірдің баласы екен.
"Атыңнан айналайын - Қарқаралы",
Құт қонған жер екенсің Арқадағы.
Шыңыңа шығып, суыңа шомылсамда,
Әйтеуір сағынышым тарқамады.
Жас туралы
Балалар бір жасыңда балдайсыңдар,
Қарын тойса ұйқыдан бас алмайсыңдар.
Қаз тұрып тәй- тәй басып, тұсау кесіп,
Тәп- тәтті қылығыңмен алдайсыңдар.
Екі жаста былдырлап тілің шығып,
Өзіңше көп нәрсені сарнайсыңдар.
Үш жаста айтқан сөзің ел түсініп,
Жағаласып үлкендерден қалмайсыңдар.
Төрт жаста төбелесіп бауырыңмен,
Ойыншық өзің таңдап алғайсыңдар.
Айтқан сөз, жүрген жүріс – бәрі күлкі,
Қызығын отбасының жалғайсыңдар.
Жеткенде бес жасқа лақтайсың,
Ойыннан басқаны еш ұнатпайсың.
Естіген- көргеніңнің бәрін сұрап,
Үлкенмен құрдасыңдай қылжақтайсың.
Ата- анаң жасырғанын ап шығасың,
Дегндей балалы үйде сыр жатпайтын.
Келгенде он жасқа оқу оқып,
Білім алып әр күні құр жатпайсың.
Ұл- қызы бәрі сені үлгі тұтар,
Жақсы оқып, зейінді боп ұнап қалсаң.
Ата- анаң марқаяды мақтан тұтып,
Бұйым құрлы болмаса сынақтар сан.
Келгенде онбес жасқа өрең өсіп,
Жаңалық болса бірер елеңдесіп.
Қатар құрбы- досыңнан қалыспайсың,
Бәйгеден өзім жалғыз келем десіп.
Ұнатып іштей жүрген қызың болса,
Шығады көкейіңді бір күн тесіп.
Махаббатпа, басқама айырмайсың,
Жылт еткен бір сезімге ере кетіп.
Өнегелі, сабырлы бол ұстамды,
Жақсы болмас жаманмен ерегесіп.
Келгенде жиырма жасқа жігіт болып,
Күдік аз, әр күніңе үміт толып.
Қарайсың жан- жағыңа жаңа көзбен,
Баяғы құлын кезің ұмыт болып.
Заман басқа, заң басқа, қоғам басқа,
Сезілер мына өмір қызық болып.
Келгенде жиырма беске санаң бекіп,
Не жақсы, не жаманын ұғып болып.
Ұнатып сенім артқан кейбіреулер,
Қарсылас дұшпан жаққа шығып болып,
Кеткенін енді ғана аңғарарсың
Айналаңда бір шама былық болып.
Үйленсең отызыңда балаң болып,
Жүресің отбасыңа алаң болып.
Жұмыстан үйге ерте асығарсың,
Қалмайсың бұрынғыдай дала қонып.
Бақытты сендей адам болмас сірә,
Шыққанда қарсы алдыңнан балаң күліп.
Шат өмірің жалғасар отыз бесте,
Әйелің шығармаса алаң қылық.
Өзіңде ардақтарсың болса санаң,
Жеткізсе құлыныңды адам қылып.
Не жетсін иманды боп тек жүргенге,
Жігітке жараспайды арам қылық.
Сараптап, електемей өткеліңді,
Сезбейсің қырыққада жеткеніңді.
Жастық шақ, бала күнің бұлдыр тартып,
Сағынып еске аларсың өткеніңді.
Егерде туған жерден кетсең шалғай,
Көресің түсіңде ылғи көк беліңді.
Өзіңді сезінесің әлі жастай,
Санаңда елес қалып өткен күнгі.
Артыңа бір қайырылып көз жіберсең,
Сезесің кезең асып кеткеніңді.
Келгенде қырық беске қылжақ қалып,
Байқастап ісқыларсың шет- шегіңді.
Елу тұр аман жүрсең одан ары,
Алтынның қадырсыздау қолдабары,
Дегенді тіпті терең сезінерсің,
Жиырма бес, отыз бестің өтер зары.
Келсеңде елу беске ермін дерсің,
Күш- қуат жас күніңдей болса қане.
Мойынсұнбай кәрлікке жүргеніңде,
Алпыста әл азаяр одан әрі.
Асқанда пайғамбаржас алпыс бестен,
Ойын- күлкі, думанның болмас сәні.
Кірпідей жиырларсың жылан көрген,
Құлақты шуылдатпай кетсін ары.
Жеткенде жетпіс жасқа жер таянып,
Өмірің ұрпақпен тек келер мәні.
Ұл – опалы, келін – жайлы болса егер,
Аз жеген тамағыңның болар дәмі.
Жетпіс бес, оданары сексен келер,
Дәм тартпай, жете алмай жүр көп пенделер.
Бұл күнде зар боласың алпыс жасқа,
Қарыс жер аттап бассаң өкпең күйер.
Болса егер немерелер қандай жақсы,
Шаршағанда қолтықтап, демеп- сүйер.
Кемпірің болсадағы “қарамайсың”,
Ойласаң жас күніңді ішің күйер.
Мендағы мықты жігіт болғам десең,
Мысқылдап бала- шағаң бәрі күлер.
Селкілдеп сексен беске келсең дағы,
Өмірден үмітің бар әлі жүрер.
Тоқсан бар, одан ассаң тоқсан бес бар,
Құтқармас алдың теңіз, артыңда жар.
Күндіз- түн иманыңды үйірерсің,
Деп: “алла қу жанымды қинамай ал”.
Еске аларсың бұрынғым жақсы еді деп,
Бұл күнде сексеніңе боларсың зар.
Бел сыздап, аяқ мұздап жүруің мұң,
Дірілдеп қол- аяқтан кетеді хал.
Осының барлығынан аман өтсең,
Жүз деген жүзу бермес бір теңіз бар.
Сене алмай өлмей тірі жүргеніңе,
Алла алдына ақ жолмен кеткенің дәл.
Сен үшін өмірдің еш мәні болмас,
Байлығың – алтын, күміс, жинаған мал.
Ата - бабаң барлығы өтті ослай,
Ғұмырға алла берген қарама сәл.
Жүз жылың өте шығар жүз күндей- ақ,
Тірлікте сауап жинап қарманып қал.
Жүз түгіл жартысына жете алмаған,
Қапыда кеткен қанша пенделер бар.
Жігіттер ойламайық күпіршілік,
Адамға не істетпес қу тіршілік.
Жеткізбес қу дүниені қуа бермей,
Жасайық жаратқанға шүкіршілік.
Тірлікте көмектесіп бір- біріңе,
Ағайын, туысқанда болсын бірлік.
Иманнан айырмасын еш қашанда,
Апармас жақсылыққа көңіл кірлік.
Туысың, бала- шағаң аман жүрсе,
Мал үшін араздасып өкінбелік.
Түйсінген біраз жәйді өлең еттім,
Жастарымыз үлгі алып, жүрсін жырғып.
Күнәмді кешіре көр жаратушым,
Қапыда хақ жолынан кетсем сырғып!
Нұрбақыт Байрахметұлы