Шыңғыс Ергөбек: Украина ұлттық мүддені сақтау керектігін көрсетті

/uploads/thumbnail/20170708152137135_small.jpg

Украина мәселесінің әлі күнге дейін  қызуы басылар  емес. Әлем  халықтарына үлкен сабақ  болып, ұлттық мүдденің бәрінен жоғары қоб керектігін  дәлелдей түсті. Бұл туралы заң ғылымдарының кандидаты, заңгер Шыңғыс Ергөбек өз сөзінде айтып берді...

Бүгінгі  Украинадағы  экономикалық  жағдай  геостратегиялық  тұрғыдан Ресейдің осы уақытқа дейінгі ең үлкен жеңілісі деп  қарастыруға болады. Өйткені, Ресей барлық тұрғыдан: халықаралық  аренада репутациялық жағынан, аймақтық қауіпсіздік тұрғысынан өзінің әріптестерін біртіндеп жоғалтып  жатыр. Ресей  Кеңес  одағынан кейінгі кезеңде  ең алғаш рет  территориялық  аннексияға барды. Яғни, шын  мәнінде, көршілес мемлекеттің территориясының бір бөлігін өзіне қосып алу. Бұл халықаралық құқық, халықаралық  қатынас тұрғысынан да Ресей үшін ең үлкен жеңіліс болды. Қырымды қосып алу арқылы аймақтық тұрғыдан Ресей өзіне  әріптес бола алатын және экономикалық тұрғыдан әріптестікке сәйкес келетін жалғыз мемлекет – Украинадан айырылды. Украинаны өзіне одақтас ретінде мәңгілікке жоғалтты деп ойлаймын. Өйткені, Украина бұдан кейін ешқашан Ресейді қолдайтын топ билікке жете алмайды. Тағы бір көрсеткіші, Ресейдің революция болған елдермен жұмыс істей алмайтыны белгілі  болды.

      Әлемдік  аренада  Ресей  АҚШ-қа  альтернативтің  саяси құндылықтарды, жүйелерді үгіттейтін мемлекет ретінде де  өз позициясын жоғалтып алды. Бүгінде  Ресей секілді  аннекция жасаған мемлекет тарапынан  бейбітшілікке шақыратын идеялардың  айтылуының өзі әлемдік геостратегиялық тұрғыдан оң нәтиже бермейді. Ресей өзінің ең жақын көршілерін жоғалтып  алды.   Егер  посткеңестік кеңістікке қарайтын болсақ,  пайда болуы  мүмкін славян одағының ішінде осы Украина, Белоруссия және  Ресейді  айтуға болатын  еді. Түбі бір,  қандас  мемлекеттер. Қандасымен мұндайға барған мемлекет,  басқаларына не істемейді деген ой келеді. Қырымдағы  ең негізгі ескерілмеген фактор – Қырым  татарлары. Өкінішке орай,  Қырым  орыстың жері деген саясат мардымсыз саясат,  бұл бутофория! Қырым – татардың жері және Қырым татарларының пікірін ескерместен оны  басқа мемлекеттің құрамын қабылдаудың өзі бұл халықаралық  құқықтық тұрғыдан заңсыз әрекет. БҰҰ декларациясында әр  ұлт  өз болашағын өзі таңдауға құқылы  деген сөздер  бар. Демек, Ресей  аннекциясын –Қырым  татарларына  жасаған озбырлығы  деп бағалауға  болады.  Бұдан кейін Қазақстанның позициясына тоқталатын болсақ, Мұстафа Кемаль Ататүріктің айтқанындай, мәңгілік империя болмайды, империялардың  барлығы  ыдырайды. Біздің көршіміз де империя,  бұлар да ыдырайды. Сол кезде онда тұратын түрік бауырларымыздың мемлекет болып  қалыптасуына  ықпал етуіміз керек. Қырым  татарлары дәл бүгінгі күні  Ресейдің құрамында кезіндегі КСРО  құрамындағы  Қазақстан секілді  позицияда. Бұл тарапта бейтараптық сақтауға тиістіміз. Өйткені, Ресейдің құрамына  кіруінің өзі  Қырым  татарларын  өз мемлекеттеріне деген құқықтарын жүзеге  асыруға мүмкіндіктері пайда болды дегенді көрсетеді. Қырымның Ресейге қосылуы нәтижесінде кім ұтты дейтін болсақ, менің ойымша,  Украина ұтылды.  Себебі, осы  уақытқа дейін «Аймақтар» партиясына дауыс беремін бе жоқ әлде басқасына ма?  Неге  мен  Ресей  секілді  жаулаушы  елді қолдайтын партияға дауыс беруім керек?»  дегендей ой туындауы  мүмкін. Және  тиісінше,  ішкі  саясатта ұлтшылдардың позициясын бұрынғыдан да  жоғары деңгейге көтерді.  Ал,  Ресейдің ұтылғаны – Қазақстан секілді онымен шекаралас мемлекеттердің мәселелер төңірегінде ойланатын уақыты  жетті. Экономикалық интеграциялар,  Ресеймен тығыз ынтымақтастықтан біртіндеп алыстай беретіндігін көрсетеді. Егер Ресейге санкциялар қолданылатын болса,  мұның Қазақстанға  қарсы қолданылмауы екіталай.

Украина  мәселесі  әлем елдеріндегі  тәуелсіздік,  егемендік мәселесінің күн  тәртібіне шығарды. Бұл ішкі саяси  тәуелсіздік және  ішкі саяси тәуелсіздік,  сондай-ақ, ғаламдық алыптардың жетегінде кетпей, әр ұлт  өз мүддесін  сақтап қалудың қажеттілігін көрсетті деп ойлаймын!  

Қатысты Мақалалар