Құрманхан Мұқамәдиұлы белгілі саясат және қоғам қайраткері, жазушы, аудармашы, драматург. Алтайдың күнгей бетінде, Шыңжанда 1924 жылы туылған. 1938-1942 жылдары мұғалімдер техникумын, 1948-1950 жылдары Мәскеудегі Ішкі істер жоғары мектебінің арнаулы курсын бітірген. Еңбек жолын 1942 жылы мұғалімдіктен бастап, аймақтық Ішкі істер бөлімінде өкіл, бөлім бастығы, Баян-Өлгий аймағы әкімшілігінің бастығы, партия комитетінің бірінші хатшысы сияқты жауапты қызметтер атқарады. 1946 жылы Шыңжанда Шығыс Түркістан мемлекетін құру ісіне көмектесу үшін моңғолиялық қазақтарынан құралған партизандар бөлімінің комиссары болған. 1951 жылы Моңғолияның алғаш сайланған мемлекеттік Ұлы хуралының депутаты болады. Одан кейін де депутаттыққа екі мәрте сайланады. Құрманхан белгілі жазушы. Оның «Жасыл доң», «Асуда» жинағы 1959-1960 жылдары жарық көрген. Баян-Өлгий аймағы жазушылар бөлімшесін басқарды. Ол Моңғолияның жаңа заман әдебиетінің классигі Д.Нацагдорждың «Жұмбақ төбелері» операсының либореттасын қазақ тіліне нақышына келтіріп аударып шықты. Моңғолия қазақтары ішінен шыққан аса қабілетті, жан-жақты білімді азамат еді. Бірақ амал нешік, туылған ортасы оған талантын аша түсуіне мүмкіндік бермеді. 1964 жылы дүние салды.
Құрманхан Мұқамәдиұлының 90 жылдығына орай «Қазақтың талантты ұлы, жазушы-драматург Құрманхан Мұқамәдиұлы» атты дөңгелек үстел өтеді. Мәжіліске тарихшылар, жазушылар, қоғам қайраткерлері мен марқұмның ұрпақтары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Ғылым ордасы, Шевченко көшесі, 28 Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, кабинет № 305 Басталуы: 2014 жылы 30-шы сәуір. Сағат 11.00-де Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
Байланыс тел: 2733244, 8 701 6636843., 2724654. 8 7714110133 ubota56@gmail.com, akudaybergen@mail.ru