Әлемнің діни шежірелерінің барлығында дерлік Ұлы Жаратушы – Алланың тарапынан Адам баласына төрт кітаптың төмендегідей рет санымен жіберілгені айтылады. Бірінші кітап Мұса пайғамбардың Тәураты, екіншісі Дәуіт пайғамбардың Забуры, үшіншісі Иса пайғамбардың Інжілі, төртіншісі Мұхамбет пайғамбардың Құраны. Біздің зерттеу тақырыбымыз Аллатағаланың Адам баласына (Мұса пайғамбарға) ең алғаш жіберген қасиетті кітабы «Таурат» жайлы болмақ.
Ежелгі шежірелердің барлығы дерлік Тәуратты –Тора, Торы, Торы ат деп атаған. Мысалы, «Йаһудилер өздерінің қасиетті кітаптарын «Тора» деп атайды да оны жазбаша, ауызша деп екіге бөледі. Йаһудилердің түсінігі бойынша, жазбаша Тора Аллаһтың Тури Сина (Түріктің Сынды М.Қ.) тауында Хазіреті Мұсаға жіберілген кітабы. Ал, ауызша Тора болса, жазбаша Тораның тәпсірі іспетті болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген «Талмуд» атты кітап болып саналады. Яһудилер ауызша Тораны жете ұғынбай, жазбаша Тораны түсіну мүмкін емес дейді. Жазбаша Тораға Хазіреті Мұсадан (а.с.) кейінгі пайғамбарлардың айтқан нақыл сөздері қосылып кеткен. Христиандар бұл кітапты «Ескі Өсиет» десе, Яһудилер «Танах» дейді. Бізге ол кітап жоғарыда айтқанымыздай Таурат ретінде белгілі.
Тора 5 негізгі бөлімнен тұрады. «Алғашқы пайғамбарлар» бөлімінде Хазіреті Мұса (а.с.) қайтыс болғаннан кейінгі яһудилер Құдайдың өздеріне уәде еткен мекенге, өлкеге орналасуы, патшалықтың құрылуы мен басқарылуы, яһудилердің пұтқа табынушылармен күресі және қасиетті ғибадатхананың салынуы мен қирауы туралы баяндалады. Кітапта пайғамбарларды «Алғашқы пайғамбарлар», «Соңғы пайғамбарлар» деп екіге бөліп қарастырады.
«Соңғы пайғамбарлар» бөлімінде кейінгі пайғамбарлардың пұтқа табынушылармен болған күресі, жалғыз Құдай түсінігін өзгелерге жаю үшін жасаған еңбектері мен өсиеттері айтылады. Бұл бөлімде негізінен: Ишая (Ишай, Есей), Иремя (Еремей), Хазекиел (Қазақ елі), Хошеа (Косай), Ёел (Ел, Иол), Амос, Обадя, Жүніс, Мика, Нахум, Хабаккуч, Тсефаня, Хазай (Қазай), Зекерия (Зәкәрия) және Малаки тәрізді пайғамбарлардың жазбалары баян етіледі.
Яһудилердің түсінігі бойынша, Танахта келтірілген жырлар тарауы Дәуіт (а.с.) пайғамбар тарапынан жазылған. Тәуратта бұл бап «Забур жырлары» деп келтіріледі және ол 150 тақырыптан тұрады. Бұл 150 жырдың 73-ін Дәуіт пайғамбар, қалғанын өзге де ұлы тұлғалар шығарған деген пікірлер бар. Жырлардың жалпы мазмұны Құдай Тағаланың сүйіспеншілігі мен қамқорлығына таңырқап, шексіз ұлылығын, рақымын, жарылқауын айта келіп, Ұлы жаратушыға шүкіршілігі мен дәріптеуін жеткізеді. Сонымен қатар, өздерінің мұқтаждықтары, қайғы-қасіреттері, жауларының зорлық-зомбылығына деген наразылықтары да сөз болады.
Сүлейменнің нақылдары: Дәуітұлы Сүлеймен пайғамбардың келер ұрпаққа арналған өмір сүру жайындағы ғибрат сөздерді келтіреді. Бөлім 31 тараудан тұрады.
Таңдаулы әндер: Сүлеймен патшаның жазған өлеңі ретінде танылады. Мұнда Аллаһ пен Яһудилер арасындағы сүйіспеншілікті екі жастың арасындағы сүйіспеншілікпен салыстыра отырып, жан-жақты суреттеп, дәріптейді. Бұл бөлім 8 тараудан тұрады.
Уағыздаушы: бұл бөлім Сүлеймен патшаның еңбегі ретінде қабылданады. Сүлеймен пайғамбар бұл уағыздаушы жырында өмір сүрудің терең мағынасын талқылай келе, өмірдің өткінші әрі мәнсіз екендігін сипаттайды. Шынайы өмір дегеніміз Алладан қорқу және Оның әмірлеріне мойынсұнудан тұрады деп келтіреді. Жыр 12 тақырып төңірегінде айтылады.
Рут: Мұнда Дәуіт пайғамбардың дүниеге келуі, РУТ ЕСІМДІ ТЕГІ ЕВРЕЙ БОЛМАҒАНЫМЕН, яһуди дінін қабылдап, ақырында үйленіп, отбасылы болғандығы айтылады. Бөлім бас-аяғы не бәрі 4 тараудан тұрады.
Дәуіттің әкесі Есей, Боғоз бен Руттың немересі. Есей Құдайға адалдықпен қызмет еткен көрінеді. Дәуіт, оның жеті ағасы мен екі әпкесі әлі кішкентай болғанда, әкесі оларды Мұса заңы бойынша тәрбиелеген» (29-бет «Забур» 86:16 ЖД).
МІНЕ ОСЫ ДЕРЕКТЕРДЕН МҰСАНЫҢ ДА (МОЙСЕЙ), СҮЛЕЙМЕННІҢ ДЕ (СОЛОМОН), ОНЫҢ ӘКЕСІ ДӘУІТТІҢ ДЕ (ДАВИД), ОНЫҢ ӘКЕСІ ЕСЕЙДІҢ ДЕ, ОНЫҢ ӘЖЕСІ МЕН АТАСЫ БОҒОЗ БЕН РУТТЫҢ ДА ТЕГІ ЕБРЕЙ ЕМЕС ЕКЕНДІГІ «ТАЙҒА ТАҢБА БАСҚАНДАЙ» АЙҚЫН КӨРІНЕДІ. МҰСА ПАЙҒАМБАРДЫҢ АТА-ТЕГІ БАРЛЫҚ ШЕЖІРЕЛЕРДЕ ОСЫЛАЙ ЖАЗЫЛҒАН.
...Шежірелер туралы 1-ші жазба Адам атадан басталатын адамзаттың ата-тегінің шежіресін қамтиды. Яғни, бұл бөлім Қазіреті Нұқ (Нух), Қазіреті Ыбырайым (Ибраһим), Қазіреті Ысқақ (Исхақ), Қазіреті Жақып (Яқуб), Қазіреті Дәуіт (Давид) пайғамбарлар мен олардың үрім-бұтақтары туралы баяндалатын 29 тараудан тұрады.
Шежірелер туралы 2‑ші жазбада киелі үйдің құрылысы жайлы баяндалады. Сүлеймен салғызған киелі үйдегі шымылдық және соған қолданған түрлі-түсті жіптер туралы айтылады. Бұл бөлім 36 тарауды құрайды.
«Бес кітап, Тора, Тәурат — Інжілдің бір бөлігі болып табылатын Көне Өсиеттің алғашқы бес кітабының аты. Бес кітапты еврейлер Тора (яғни, “нұсқау”, “ғаламға жетекші”), мұсылмандар Таурат деп атайды. Оған “Жаратылыстың басталуы”, “Шығу”, “Левит”, “Сандар”, “Екінші заңдастыру” кітаптары (бөлімдері) жатады. Бес кітапты Мұса кітабы деп те атайды, ол осыдан 3300 жылдан астам бұрын, Синай тауында Мұса пайғамбарға уахи келгенде түсірілген кітап болып есептеледі. Зерттеуші ғалымдардың (Ж. Астрюк) болжауынша, Бес кітап б.з.б. 444 ж. шамасында біржола құрастырылып болған. Еврейлердің дәстүрінде Тора деп кең мағынада Бес кітаптың өзін (Танах) және оған түсініктемелерді (Мишна, Талмуд) атайды. Бес кітап жаратылыс туралы, Адам Ата мен Хауа Ана, топан су, көне еврейлердің патриархтары (Ибрагим, Жақып, Ысқақ, Жүсіп т.б.) жайында әңгімелейді. Сол сияқты онда еврейлердің тарихына қатысты көптеген оқиғалармен қоса (көбінесе, Мұса төңірегінде) яхуди дініне қатысты заңдар мен рәсімдер жазылған. Бес кітаптың негізгі идеясы — жалғыз ғана Құдайға (Яхве, Иегова) сыйынып, дін жолымен жүріп-тұру, еврейлерді Құдай таңдаған халық ретінде уағыздау. Таурат ислам мойындайтын төрт қасиетті кітаптың біреуі ретінде шариғат заңдарының, мұсылмандық дүниетанымның қалыптасуына едәуір ықпал еткен» («Бес кітап». Қазақ энциклопедиясы).
«Синай тауы (ивр. הַר סִינַי, Хар-Синай); сонымен қатар Мұса тауы (гора Моисея, гора Хорив) — Египеттегі Синай жарты аралында орналасқан. Билер білімінде (Библия) осы тауда Ұлы Жаратушы – Алла (Бог) Мұса пайғамбарға (Мойсею) он өсиет (Десять заповедей) берген.
Еврей дәстүрі Синай тауының қай жерде орналасқаны жайлы деректерді сақтамаған. Мұса тауын (горы Моисея (араб. Джабал-Муса)) Синай тауы деп есептеу крестян дәстүрі бойынша 1Y ғасырдан (Евсевий Кесарийский[2]) басталады. Қазіргі уақытта өзге де варианттар ұсынылып жүр («Синай гора – Википедия» (https://ru.wikipedia).
Ежелгі жазбалардың бәрінде Ұлы Жаратушы - Алланың ең алғаш адам баласына (Мұса пайғамбарға) аян беретін жерінің атауы Синай тауы делінеді. Синай тауы, бұл кейінгі өзге тілдердің ықпалымен өзгеріске ұшыраған таза қазақ сөзі. Сөз түбірі Сын (Син). Қазақта осы түбірден Сын, Сынды, Сынай, Сынтас, Сыңғырлау, Шың, Шыңырау, Шыңдау, Шын, Шындық деген ұғымдар туындайды. Бәрінде де сөз түбірі Сын, Шын, Шың. Бұлардың бәрі синоним сөздер, сөз түбірі «ын» (ың)», осы түбірден туындайтын «қын» мен «қынап» аналық текті білдіреді. Қазақтың Тау деген ұғымындағы түбір сөздің Ау (Ауа Ана) болатыны осыдан. Қазақтың ежелгі «Сына» жазбасы солардан қалды. Олардың ең алғашқы ғұмыр кешкен жерлері Маңғыстаудың қыры, яғни Үстірті (Үстіңгі жұрты). Ол жерде қазірдің өзінде Маңғыстаудың қара ойынан Үстіртке көтерілер жерде Сынды асуы, Сынды тауы және осы аттас құдық бар. Осы қырдың бір биік жері күні бүгінде де «Шың» деп аталады. Міне Алшын атауының екінші буынында тұрған «Шын (рас)» деген сөздің шығу тегі. Бұл дауға жатуға тиіс емес. Сөз түбірі және оның құрамы ешқашан қателескен емес.
Демек, Синай тауы дегеніміз, Маңғыстаудағы Сынды тауы. Арабия жеріндегі Синай тауы осы Маңғыстаулық Сынды тауының транскрипциясы. Мұса пайғамбардың елі, яғни Қаз Адайлар көшпенді өмір сүрді. Жаз жайлауы Сыр өңірі болса, қыс қыстауы (тұрақты мекені) Манқыстау болды. Мұса пайғамбарға Ұлы Жаратушының аян беретін (кітап беретін) жері осы Маңғыстаудағы Сынды тауы. Қазіргі атауы жоғарыда көрсеткенімдей Үстірт. Үстірттің толық мағынасы – Үстіңгі жұрт, яғни Ұлы Жаратушы – Алланы алғаш таныған жұрт. Ежелгі жазбалардың бәрінде айтылатын әлем астаналары Қана (Қаңға баба) мен Сион (Сынды, Синай) қалалары да осы өңірде болған. Сол ежелгі қамал-қорғандардың орыны күні бүгінге дейін сақталған.
Европа (Крестян) ғалымдары соңғы ғасырларда Арабиядағы Синай жарты аралының асты мен үстін түгел шарлаған. Бірақ, кітапта айтылатын ел (ру), жер, су, тау атуларына (жалғыз Синайдан басқа) бірде-бірі сәйкес келмеген. Археологиялық қазба зерттеулері де еш нәтиже бермеген. Түңілгендіктері соншама соңғы кездері олардың тарапынан бұл қасиетті кітаптардағы баяндалатын оқиғалар біздің жер шарында емес, өзге планетада болған болулары керек деген пікірлерде жарияланып жүр.
Ебрей халқының «менікі» деп меншіктеп алып, Синай тауының түпкілікті тұрағын, яғни бүгінгіше айтқанда адресін сақтап қала алмай отырғандарының сыры осы. Кеңестік (ебрейлік) большевизмнің осы деректерді сақтап бүгінгі күнге жеткізген Тарихат жолын (Сопылық ілімді) ұстанушыларды қуғынға салуларының да сыры осы. Негізгі мақсаты ебрейлер «бірінші» деген жалған тұжырымға жұртты сендіру үшін.
Тарих тағлымы: Бүткіл жер бетінде жалғандыққа қарсы тұра алатын жалғыз ғана ілім бар. Ол Адам баласының жан дүниесін зерттейтін - Сопылық ілім, ауыз екі тілде Ар ілімі, Хал ілімі, Хақ ілімі және сонымен қатар Тарихат (Тарих Ата) жолы деп те атала береді.
Еврейлердің Тәуратты Тана (Танах) деп атайтын себебі, Бұзау мен Тана синоним. Ал, еврейлер Бұзаудан тарайды. Атам қазақтың «Тана көзін сүзбесе, Бұқа жібін үзбейді» дейтін мақалы бар. Демек, тана бұзаудың есейе бастаған кезеңі және олардың тегі Аналық (Ева, дева) текке жатады. Еврейлердің тегі осы. Олар өздерін Атадан емес, қыздан (Евадан) таратады.
Көне еврей патриархтары деп отырғандарының бәрінің тегі Қазақ (Қаз аға). Олардың бәрі осы біз сөйлеп жүрген тілде сөйлеген. Көшпенді елдің тілі өзге елдің тілімен будандаспаған. Қасиетті Құран Кәрімде осы аталған пайғамбарлармен бірге 25 пайғамбардың аттары берілген. Ежелгі жазбалардың бәрінде де оларды Қазіреті Нұқ, Қазіреті Ыбырайым, Қазіреті Ысқақ, Қазіреті Жақып, Қазіреті Дәуіт, Қазіреті Жүсіп пайғамбарлар т.т. деп бәрінің есімдерінің алдына Қазақтың баласы (Қазіреті) деген аталарының аттары аталады.
Қазіреті – сөз түбірі Аз (Әз), Қаз (Қазақ) және Ір (бір), Ет (Ед, Ад) деген біріккен сөздерден тұрады. Өздеріңіз көріп отырғандай сөз түбірі Әз (Аз) және Қаз. Ір – ірі, бір, пір, яғни ең алғашқы ата, үйретуші бірінші адам, пір деген ұғымды береді. Ет (Ед) – мына көрші орыстардың «единица» деп жүргендері осы. Бұл, бізше Ад атамыздың лақап аты. Ал, «І» дыбысы «ы», «и», «й», «н» тобына жатады. Бұл ежелгі қазақтың сөз жасау жүйесінде «ұлы», «баласы», «ұрпағы» деген мағына береді. Мысалы, Адай - Адам атаның ұрпағы (ұлы, баласы, қызы), яғни атамыздың қарашаңырағының иесі деген қағидаға сәйкес Жары Адай, Жажир Адай, Қожа Ахмет Йассауи, қажы Құсайын Ширази (Йассауи кесенесін салушы шебер), Ахмет Жугінеки (әдебиет тарихында «Шындық сыйы» дастанымен мәлім), Әбу Нәсір Әл (Ал) Фараби, Хакім Тарази, Махмуд Қашқари, Әл Бухари, Хакім ата Сүлеймен Бақырғани, Әлішер Науайи, Фирдауси (Шахнама), Әбдірахман Жәми (парсы-тәжік әдебиетінің классигі), Мұхаммед Шайбани (Жошы ханның ұрпағы), Қадырғали Жалайри, Мұхаммед Хайдар Дулати, Ыбырай Алтынсарин, Сәкен Сәйфуллин, Бейімбет Майлин, Жүсіп Баласағұни, Бөрте Бөрі (Шыңғысханның арғы аталары), Бурахан Әзі (тама Қарабура Әз әулие), Әбубәкір Кердері т.т. болып кете береді. Осы жерде сәл де болса өткен тарихтан хабары бар адамдардың есіне сала кетейін ежелгі, әсіресе бізге көбірек белгілісі орта ғасырлық ұлы ғұламалардың барлығының дерлік ата тегі осылай жазылған. Бұл қағида қазақта күні бүгінде де қолданыста бар. Мысалы, Мұстафа Шоқай, Әнес Сарай, Халипа Алтай, Ислам Жеменей, Сабыр Адай, Ордалы Қосай, Ақылбек Жеменей, Тұңғышбай Ал Тарази, Қайрат Мами, Қадыр Мырза-Әлі ...
Тарих тағлымы: Атам Қазақтың сөз жасау жүйесіндегі сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) ешқашан жаңылысып көрген емес. Жаңылысатын адамдардың санасы, яғни ақылы мен білім деңгейлері ғана.
«Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.
Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін жадқа білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Ата 2. Әке. 3. Бала. 4. Немере. 5. Шөбере. 6. Шөпшек. 7. Немене. Мұнан соң туыстық атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.
Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Тегін білмеген тексіз», «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін сұрағанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды.
...Таурат кітабы бойынша: Құдай 1 – күні жарықты, 2 – күні аспанды, 3 – күні жерді, 4 – күні Күн, Ай және жұлдыздарды, 5 – күні балықтар мен құстарды, 6 - күні аңдар мен адамдарды жаратқан, 7 – күні дем алған. Бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады» (Мақсұтбек Сүлеймен. «Таңғажайып жеті саны» www.info-tses.kz/red/article.php?article=52232).
Түсініктеме: Жеті саны Бұзау Жеменейдің сандық атауы. Жеменей - Бұзаудың екі баласының кішісі. Үлкенінің аты Айтумыс. Жеменейден Семит бөлінеді. Ал, Семит Араб пен Ебрейлердің атасы. Қазақтың жеті мен сегіз санының авторлық құқығы осыларда. Жетінің Жеменеймен, сегіздің Семитпен түбірлес болатыны осыдан. Өздеріңіз көріп отырғандай сегіздің сөз түбірі егіз. Сұрақ: Сегіз кіммен егіз? Әрине, жетімен дер еді, кез-келген есі дұрыс саналы қазақ азаматы.
Оны мына көрші орыс елі де кәміл біледі. Әйтпесе олар жетіні «семь», сегізді «восемь» деп сөз түбірінде «Ем» деген түбірді (бірінші түпті) ұстамаған болар еді. Бұл жерде олар жетінің Жеменей екенін кәміл мойындап, семит-сегіздер жеменей-жетінің ішінен шықты деп отыр.
...«Семмиттер деп аталатын ежелгі тайпалардың араб текті, еврей текті болып қай кезде екіге бөлінгені белгісіз. Таурат сарындарымен сабақтас арабтардың ортағасырлық аңыздарына құлақ салсақ: семит тайпаларының әрідегі ата-бабалары Евфрат және Йордан өзендерін ұзақ уақыт иемденіп, көне мәдениет ошағын қалаған. Олардың бір тобы осы арадан теріскей бағытқа ойысқан да, ал екінші бөлігі – Евфрат өзенінің оң жағалауындағылар – Арабия түбегінің ішкі жағына бет алған. Аңыз-әңгімелердің айтуынша, түбекке қоныс аударып, жергілікті жабайы тайпалармен сіңісіп кеткендер – «жоғалған арабтар» деген атаққа ие болған, оларды күнәлары үшін құдай қырып салған ба, әлде өздерінен кейін келген отарлаушылардың арасына кіріп жоғалып кеткен бе, әйтеуір ғайып болған. Бұл отаршылар басқа емес, көне өсиеттік Ибраһимнің туған ағасы Таураттық Иоқтанның, былайша айтқанда, Хақтанның (Ақтан, Ақпан М.Қ.) он үшінші баласы болса керек-ті. Біздің дәуірімізден бір жарым-екі мың жыл бұрын олар Хеттер (Кетелер, қазіргі Алмания (Германия) солардың ұрпағы М.Қ.) елінен шығып, Иордан өзені мен өлі көлді жағалай отырып Арабия түбегіне қоныс аударған. Хақтанның ұрпақтарын «нағыз шынайы арабтар» деп атаған, олар оңтүстік араб тайпалары (йемендіктер (Жеменейлер М.Қ.)) солардың тұқымы» (Панова В.Ф., Вахтин Ю.Б. Жизн Мұхаммеда. – М.: Политиздат, 1990. 11-12 беттер).
«Арабия түбегінің терістік бетін қоныстанған тайпаларды жұрт «жергілікті арабтар» деп уәждейді. Олардың аты аңызға айналған бабасы – Исмаил, египеттік күң Ажардан туған, ол Ибраһимнің ұлы. Демек, Исмаил Йемендіктердің, арғы атасы Хақтанның екі атадан қосылатын немересі болған. Бұлар түбекті жеке өздері ғана қоныстанып қойған жоқ, Ибраһимнің басқа аталас ағайындары да жайлады. Інісі Нахордың тұқымдары, Ибраһимнің немересі Исавтың ұрпағы, деп айтылады аңыздарда.
Аңыз бойынша, еврейлердің семиттік тайпаларының түп атасы Ысқақ. Ол Ибраһимнің Сара деген әйелінен туған баласы. Ысқақ пен Исмаил шешелері бөлек болғанмен, әкелері бір ағалы-інілі туысқандар.
...Хақтанның ұрпақтары – оңтүстік тайпалар мен терістіктегі Исмайл ұрпақтарының арасындағы жіктік айырмалар осы күнге дейін сақталған. Дейтұрғанмен, араб және еврей тайпаларының бір кездері бірге туған адамдар екенінде дау жоқ» (Аманбай Құнтөлеуұлы «Мұхаммед Пайғамбар» Алматы. 2003. 31-32 беттер). Келтірген деректері Адай шежіресімен толықтай сәйкес келеді.
Муса пайғамбардың ұрпақтары бұзауды пір тұтады. Хайуандар ішінде осы сиыр ғана өлгенін жоқтайтын (тұлыпқа мөңірейтін) жалғыз жануар. Негізінде Мұса пайғамбардың тегі Қосай. Мұса есімінің түбірі Ұс (Үс, Ұш, Үш) болатыны осы. Үш саны Қосайлардың сандық атауы.
Бұл Алып би (Әліппе) мен сандық жүйеге де толықтай сәйкес келеді. Ас (1), Әс, Ес, Ис, Ос(5), Өс, Ұс(7), Үс, Ыс, Іс(10) барлығы он түбір сөз жасалады. Ас тобына жатады. Ос (Қосай) өте жақсы деген баға алып, бесінші буында тұрса, Мұсаны құс қылып көкке ұшырған жетінші буын Бұзау-Жеменейлер болып тұр.
...«Сондай-ақ, бұрын НҰХТЫ да тура жолмен жүргізгенбіз. Әрі оның ҰРПАҚТАРЫНАН Дәуітті, Сүлейменді, Айубты, Жүсіпті, Мұса және Һарунды да. Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз. 85. Әрі Зәкәрияны, Яхияны, Исаны, Илиясты да (тура жолмен жүргіздік). Олардың бәрі де ізгілерден еді. 86. Әрі Исмаъилді, Әлясағты, Юнусты және Лұтты да (тура жолмен жүргіздік). Әрбірін әлемдерге артық еттік. 87. Сондай-ақ олардың әкелерінен, ұрпақтарынан және бауырларынан да таңдап алдық және тура жолға салып жүргіздік. 88. Алланың тура жолы – осы... (Әл-Әнъам сүресі. 84-88 аяттар). Тәпсір: Өздеріңіз көріп отырғандай жоғары да аттары аталған, аталмаған барлық пайғамбарлар Нұх пайғамбардың ұрпағы (баласы) делініп Алланың «Ақ жолы» айқын көрсетілген.
Бұзау (Сиыр) демекші – осы сиыр қазақтың қолға үйреткен үй жануарларының ең алғашқысы. Қазақта сиыр мен сиыршылардың пірі Зәңгі баба делінеді. Қазақтың жыл санау жүйесінде сиыр тышқаннан кейін екінші аталады. Адам баласы 70 000 жылғы ғұмырында ең алғаш қысқа дайындаған астығын ұрлап жеген тышқанды, содан кейін сиырды таныды. Зәңгі - сөз түбірі «әң (аң, ан)» бастауын Маннан (Маңғыстаудан) алады, аналық текке жатады. Аң (ан) мен ананың түбірлес болатыны осы. Аталарымыз қара нәсілділерді Зәңгі деп атаған. Қазақтың қайдағы бір қиырда (өте алыста) қалды ғой дейтіндері осы. Қиыр мен сиырдың түбірлес болатыны осыдан. Сол сияқты сиыр, бұқа, өгіз, тана, қашар, баспақ т.т. бәрі-бәрінің мағынасы осы. Бәрінің бастауы Бұзау. Бұл жеті аталық бөлінбейтін біртұтас тектікті білдіреді. Бөліну осы Бұзаудың сегіз санын иемденген ұрпағы Семиттерден басталады. Жеменейлер қарашаңырақта қалды, семиттер бөлініп кетті. Бөліну осы семиттерден басталды. Қазақтың «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Ер туған жерінде, ит тойған жерінде», «Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар» дейтін мақалдары осылай дүниеге келді. Бұл мақалдың бүгінгі аударма мағынасы «космополитизм». Космополиттерде Атамекен, Отан, Туған жер деген түсініктер болмайды. Олардың көже қарны қай жерде тойса, отаны сол. Бұндай көзқарастағы жандар қазақ үшін аса қауіпті. Өз туған елінің байлығын далаға тасиды. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бергі, 25 жыл ішінде орыс тілді билік басына шоғырланған көптеген космополиттер қаншама ел байлығын сыртқа асырды, артынан өздері де қашты. Сол далаға «жылап» кеткен миллиардтаған қаражаттар ел мүддесіне жаратылғанда біздің жағдайымыз қазіргіден мың есе артық болатыны айдай ақиқат емес пе? Елімізде сондай билік басына шоғырланған қаражат иелеріне үш рет «амнистия» жарияланды.
Сиыр Алланың адамдарға жіберген ең алғашқы сыйы еді. Сондықтан сый, сыйлық деген ұғымдар дүниеге келді. Бұл ұғымның негізгі авторы Қазақтың Аға Арысынан тарайтын Үйсіндер, дәлірек айтқанда осы Үйсін атамыздан тарайтын Сыйлықсары (Жиен), Ақарыс – Жалайырдан тарайтын Сиыршы, Өгіз; Дулаттың Сиқымы, Керейдің Сибаны, Алшын-Байұлының Танасы, осылардың бәрінің бастауы Бұзау Ата болып табылады. Әйгілі Будда діні осылардың арасында дүниеге келді. Бұзау мен Будданың бір түбірден (бір атадан) болатыны осыдан. Қазақтың бозару мен бұзылу деген ұғымдарының шығу тегі де осы. Ежелгі туыстығы бөлінбеген Адам Атаның жетінші буын ұрпағы Бұзау-Жеменейлерден «Семит тайпаларының» бөлініп (бұзылып) кеткенінен шыққан. Маңғыстаудағы Бұзау түбегінің - Бозашы түбегі деп аталатыны да осыдан. Бұзау мен Бұзылудын «Бұз» деген бір түбірден екеніне және адам өңінің бұзылуы бозарудан басталатынына қандай дау бар. Бұл дауға жатпауға тиіс. Біздің аталарымыз тарихты осылай жазған. Сол үшінде оларды бүкіл әлем Қаз би (Қас би, Каспий) деп атаған.
Мұса атамыздың жолын ұстанған Ер Дәуіт пен оның он сегіз мың ғаламға патша болған атақты ұлы Сүлейменнің де тегі Қазақ. Шежіре дерегі бойынша Қосай атамыз Адай атамыздың үшінші буын ұрпағы, Адай - Құдайке - Қосай болып таратылады.
Мұса пайғамбар ұрпақтарының Бұзауды пір тұтатынына келсек, Бұзау шежіре дерегі бойынша Адайдың екі баласының кішісі Келімбердінің төртінші баласы, Адайдың алтыншы немересі, яғни Қосайдың інісі. Және оның үстіне Бұзау Адайдың ең жақын туыстықты білдіретін, бөлінбейтін жетінші буын ұрпағы болып табылады. Әйтпесе, Ер Дәуітті бүкіл қазақ халқы Темірші-ұсталардың ұстазы деп пір тұтып, Бұзауды аса қастерлемеген болар еді. Олар ең алғаш емхана ашып, адам емдеп, ағаштан кеме жасап, қатты ағашқа емен, қолдан жасалған қатты затқа темір деп өз есімін беріп, темірден жасалған қаруға «семсер» деп өз есімдерін бергендер де солар болатын. Шындықтан ешкім ешқайда қашып құтылып, олардың «авторлық» құқығын ешкім тартып ала алмайды. Сол үшінде қолдан жасалған ең қатты затқа «цемент», қатты тасқа «кремний» деп ат қойылды. Өздеріңіз көріп отырғандай барлығының авторы Бұзау атамыздың ұрпағы Жеменейлер, барлығының бір ғана «ем» деген бір түбірден (бір атадан, бір рудан) болатыны осы.
Осы жерде алғаш темір қорытып, одан семсер, селебе жасағандар Жеменейлер болса, Қазақтың қайқы қылышы мен пышағының атауы қайдан шықты деген сұрақтың туындары сөзсіз. Қылыш пен пышақты да ойлап тапқан осылар. Өздеріңіз көріп отырғандай, Қылыштың сөз түбірінің «ыл» болуы, Жеменейдің ағасы Айтумыстың іште қалған жалғыз баласы Шылым атамыздың атының «ыл» түбірімен сәйкес келуі, және сонымен қатар, пышақтың сөз түбірі «ыш» болатыны да осыдан. Тура қылыштың ұш жағын сындырып алып, үй шаруасына пайдаланып, оны пышақ деп атаған. Жер бетінің түпкір-түпкірлерінде кездесетін Шылым (Чулым) атты өзендер мен елді мекен атаулары осы аталарымыздан қалды.
Тәурат қара сөзбен емес жырмен жазылған. Бұл ежелгі жырмен жазылған киелі кітаптардың барлығының авторы қазақтар деген сөз. Тарихы тайыз, сөздік қоры аз, тіл білімі жетіспеген елдердің бұлай жасау қолдарынан келмеген. Ежелгі жырмен жазылған көптеген киелі кітаптарды (Таурат, Забур, Авеста, «Құтадгу білік» т.т. көптеген елдердің менікі деп меншіктеніп алып, мағыналарын толық түсіне алмай жүргендерінің сыры осы. Осы ежелгі кітаптар мен ежелгі Өсиет жырларды меншіктенген елдер мен ұлттардың барлығы да, сол еңбектердің толық мағынасын түсіне алмағасын бәрі бір ауыздан, бұлардың бәрі ежелгі еврей, ежелгі парсы, ежелгі араб, ежелгі монғол, ежелгі қытай тілі деп атайды. Шындығында олардың «ежелгі» деп отырғандарының барлығы қәзіргі қазақтың Ана тілі болып табылады.
Менің осы келтірген тұжырымдарымның айдай айғағы етіп, жақында әлемдік БАҚ-тар (Бұқаралық Ақпарат Құралдары) әлем елдері тіл ғылымы осыдан 6000 жыл бұрында бүкіл әлем елдері бір тілде сөйлеген деген қорытындыға келгенін жариялады. Әрине, ол тіл Қазақтың АНА тілі. Бүкіл жер бетіндегі жер, су, тау, ұлттар мен мемлекеттер және елді мекен атауларының қазақтың Ана тіліне сәйкес келетінінің сыры осы. Сондықтан, Қазақстан үкіметі қазаққа өзге тілдерді тықпалағанша, еліміздің тіл мен тарих ғылымдары осы бағытты зерттеп, бүкіл әлем елдеріне осыны мойындатып, олардың өз Ана тілдерімен қайта қауышуларына ықпал жасағандары жөн болар еді.
Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы
Маңғыстау
Пікір қалдыру