18 қараша Студенттер сарайында «Қамшы» порталы «Көш және Көшбасшы» атты Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өтетіндігін естеріңізге саламыз. Кеш барысында еліміздің дәстүрлі ән өнерін насихаттап жүрген жас өнерпаз Қуаныш Тәуелсіздік мерейтойына арналған «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа туындының тұсауын кеседі,- деп хабарлайды Қамшы порталы.
Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлегі Қуаныш тәуелсіздіктен кейін дүниеге келген, еркін елдің ұланы болғаныма қуанамын дейді. Ертеңгі кеште орындалатын «Тәуелсіздік толғауын» барша қазақ еліне арнаймын дейтін жас өнерпаз халықаралық және республикалық бірнеше ән байқауының жүлдегері. Рамазан Стамғазиев, Нұржан Жанпейісов сынды қазақтың дарынды ұлдарының шәкірті.
Кеште есімі елімізге ғана емес дүние жүзіне әйгілі опера әншісі Майра Мұхаммед, Рамазан Стамғазиев, Алашұлы тобы, Мұратбек Сарбасов, Ибрагим Ескендір, Шаба Әбденқұл және тағы басқа өнер жұлдыздары жырдан шашу шашады.
Пікір қалдыру