Жазушының өмірі, дүниеге көзқарасы, шығамашылық әдісі оқырманды қызықтыратын мәселе. Көптеген оқырмандар өзі жақсы көретін жазушсы туралы көбірек білгісі келеді. Төмендегі сухбат Ресейде шыққан «Латын америкасы»журналының 1980 жылғы, 1 санынан қысқартылып алынды. Бұл сұхбатта Гарсия Маркестің өз шығармаларының жазылу тарихы, шығармаларының жетістіктері мен кемшіліктері туралы, бастысы әдебиетті түсіну турасындағы пікірлері берілген.
«Поезбен жүрсем, Женева қаласына сегіз сағаттық азапты жолды басып өтуім керек. Бір жақсысы, достарымнан «Жүз жылдық жалғыздық» атты романды сұрап алған едім. Болмаса оқитын еш нәрсе жоқ, бұл ұзақ жолда не істерімді білмей жынданып кетер ме едім. Сонымен өзім жазған романды оқыдым. Шынымды айтсам, шығарманың үш-төрт бөлімін оқып көрдім.»
- Сонымен кітабіңіз өзіңізге ұнады ма?
- Расымды айтсам ұнамады. Шығарма жазып жатқанда одан мықты кітап жоқ екеніне сенесің. Бірақ оны осы жолы оқығанымда романды жазған кезімде менде не жетіспегенін сезіндім.Тағыда бір жағдай, шығармада тек болған уақиғаны айтып беріппін, бұл жазушы үшін ұят нәрсе. Асылында, бұл шығарманы жаза бастаған кезімде уақытым аз болды, сонымен қатар, шығарманы тез бітіруім керек болы. «Адырнаның көзі» шығармамды жеті жыл ішінде асықпай жазған едім, сондықтан, «Жүз жылдық жалғыздық»романының жазылуы қиын болған.
Мен өте талғампаз оқырманмын. Егер кітап ұнамаса оны тастаймын. Шығарма жазғанда да солай істеймін. Қолыма қалам алып жаза бастағанда жазғандарым оқырман үшін қызықсыз болатынын байқасам дереу жыртып тастаймын. Сол себепті, шығармаларымның жанды да шынайы болатын жолдарын іздеймін. «Жүз жылдық жалғыздықты» - жазып жатқанымда да сондай болды. Шығармада өте көп әулет туралы жазылуы керек еді, кейіндеп, егер осындай жолмен жазсам заманды қайталаған болып қалады да роман оқырманды зеріктіріп қояды деп ойладым да, шығарманың тең жармын жазып болғанда жазуды тоқтаттым.
- Бір сыншы «Жүз жылдық жалғыздық» романы «Адырнаның көзінің» мазмұнына ұқсап қалған дейді. Ал, басқалар болса романдағы түсіне алмаған жерлерін білу үшін қайталап оқып шығады екен. Өзіңіз бұл туралы не дейсіз?
- Сұрағыңыздан кейін «Жүз жылдық жалғыздық»романын қайта оқып шығуым керек сияқты. Бұл сізге қаншалық қызық болса, мен үшінде солай.
Сыншы таныстарым өте көп, олар бұл шығарма туралы көптеген мақалалар жазды. Бірақ бұл кітап туралы мақалаларды оқымағаныма көп болды. Сыншылардың жалған пікірлерін қабылдай алмаймын. Мен оқырманмен жазушы арасында дәнекердің болуын қаламаймын. Әр уақыт жаза бастағанымда шығармаларым арқылы ешбір «Делдалсыз» оқырманға бір нәрсе беруге ұмтыламын. Кейбір сыншылар шығармада не айтылғанымен ісі жоқ, өзінің не түсінгенін оқырманға тықпалағысы келеді. Әуелі «Сіз араласпаңыз, мен оқырманмен сөйлесіп жатырмын» дегендей қылықтарын көріп басың қатады. Ал кейбірінің қиялына оқырманда келмейді. Бұл біржағынан, шығармада анық түсінуге келмейтін жерлері өте көп, көп жағдайда сыншылар осындай күрделілікті түсіндіруден қашады. «Бұл шығармада жазушының өзіде не айтпақшы болғанын білмейді.», - деп жар салады. Сондықтан олардың пікірін таза қабылдай алмаймын.
- «Жүз жылдық жалғыздық»атты роман«адырнаның көзі»шығармасын қайталаған ба?
- Мүмкін осы шығарма және басқада шығармалар сыншыларға солай болып көрінуі мүмкін,бірақ «Адырнаның көзі» басқа шығарма деп ойлаймын.
Шығармамды қайта-қайта тезге салу өзіме ұнайды. Себебі бұл кітап тіршіліктің мәңгілік ғұмырымен байланысты. Әдебиет тәрихын қарап отырсаңыз, өткен ғасырларда жұртты тәнті еткен небір шығармалар болған, уақыт өте келе оларда ұмытылды. Бұл уақытта сол кітаптарды ешкімде іздемейді. «Жүз жылдық жалғызды» шығармасы болса, ешкім, ешқашан білмейтін дәуірлерді қамтыған. Менде бұл шығармама уақыттың қандай баға беретінін ойлап, абдырап қаламын. Мен үшін бұл кітаптің милиондаған данамен сатылуы, әлемнің отыздан астам еліне аударылуы маңызды емес, маңыздысы, бұл шығарманың өз құндылығын жоғалтпай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып оқылуы болып қала бермек. Міне осы әдебиеттегі мәңгілік болса керек.
- Оқырмандардың хаттары туралы айтсаңыз.
- Иә, оқырмандарым үнемі хат жазады. Хаттарының көбінде олар меннен шығармамның қолжазбасын сұрайды. Яғни, менің шығармашылығымды талдап, диплом алу үшін жазатын мақалалары бойынша сұрақтар сұрайды. Хат арқылы өз сезімін айтып кететіндер жағымсыз, түсініксіз сезіледі. Бірақ, әйелім осындай хаттарды жинап жүреді. Әрине, ол бұл хаттарға жауап жазуды, оларды сақтап қоюды үгіттейді. Өкінерлігі, қарапайым оқырмандардың тартыншақтығы біздің олармен болған байланысымызға ықпалын тигізеді. Бұндай болған жағдайда, олардың шығармашылығың жәйлі не ойлайтынын білмейсің. Турасын айтқанда, «жүз жылдық жалғыздық» романның өздерінің отбасы тәрихы екені турасында үнемі хат жазады. Латын америкасындағы тұрғындардың бұлай жазғандарының еш таңқаларлығы жоқ. Бірақ бір күні Германияда, бір кішкене қалада(атын ұмытыппын)жасайтын неміс әйелден хат тапсырып алдым. Оның жазуынша «жүз жылдық жалғыздық» олардың отбасының тарихы екен, романдағы Макодонна болса олардың ауылы екен. Бұл меннің не үшін бұл шығарманы кино қылып түсіруге қосылмыйтындығымды көрсететін дәлел. Әркезде ақша үшін арқандай іске дайын тұратын, шығарманы әртүрлі қосымшалармен «байытатын» режиссорларға келісімімді бермей келемін, олар мені көндіру үшін бір милион, екі милион, міне қазір үш милион беретіндіктерін айтып жатыр, бірақ бұлар менің пікірімді өзгерте алмайды. Мен оқырмандар кітаптағы геройларды қалай түсінсе, солай қиялдауын қалаймын және бір оқырман Урсыланы әжесіндей сезінсе, бір оқырман оны қарындасындай елестетіп оқуын қалаймын. Өйткені оқырман кітапты оқып жатқанда өзіне тән образдарды жаратады. Ал, кинода әр персонаждың өз бейнесі бар. Бұлай істеу оқырмандардың көңілін бұзбай ма? Мейлі оқырмандар Урсланы әкпесіне ұқсатсын, әкпесі сұлу болмасада мейлі ғой. Менің түсінуімде, оқырманмен жазушының арасынағы ішкі кездесу – дәл осы.
- Демек, шығарманы экранизациялау обыраздарды бұзуы мүмкін....
- Солай, сөзсіз обыраздарды өзгертіп жібереді. Киноларды көріп жатқанымызда «Қара, ананың түріне қара!» деп жібереміз. Сонымен өз басымызағы бейнені жоғалтып аламыз.
- Дәл өзіңіз сяқты, оқырманармен жазушыларға терең әсер еткен үш жазушыны айтып бере аласызба?
- Үнемі түсініксіз болған әдеби әсердің не екенін білмей тұрып олар жәйлі айту қателік болар. Әрқандай қоғамды қызықтырып келе жатқан Әдеби әсердің не екенін және оның қалай айтылуы турасына жауап берейін.
Бір күні «Адырнаның көзі»атты шығармамды қалай жалғастырарымды білмей жүргенімде, Эрнест Хемингуей кірспе жазған «Африка және аңшылық» атты шығарма қолыма түсті. Мені таңқалдырған нәрсе, бұл шебер жазушының осындай кітапқа кіріспе жазу еді. Басында бұл шығарма маған ұнамады, сонда да аяғына дейін оқып шықтым. Кітапта аңшылық және пілдер туралы өте көлемді жазылған еді. Хайуанаттарды білуде оларды түсінуге үлгі болатындай кітап еді. Шығарманы оқып болғаннан кейін өз қателіктерімнің не екенін түсіндім. Басқаша айтқанда, шығармамдағы геройдың тәбиғатын бейнелеуді таптым.
Сондай-ақ Австриялық жазушы Франс Кафкадан терең әсер алдым. Мектепте оқып жүрген кезімде кімнің шығармасын оқысам соның шығармасына ұқсатып жазуды ойлаушы едім. Бірақ бір күні кездейсоқ Кафканың «Құбылу» атты әңгімелер жинағын оқып шықтым да, ойладым: «Бұл шығарма әдебиет деуге келеме, егер келсе осылай жазуға балады. Бірақ сол уақытта біреуге еліктеуге болмайтындығын білмеуші едім.содан өзімнің адамдарға айтарым бар екенін түсіндім де ертесі шығарма жаза бастадым. Мойындаймын, осы күнге дейін жарияланған шығармаларымда Кафканың әсері бар. Бірақ олар шығармашылығымның бастапқы жылдары еді. Қайтадан оқып шыққанымда оларда индивидуалдықтың барлығын сездім және жазушының ой қиялынан туған сияқты болып қалған еді. Содан кейін нағыз тіршілікпен бетпе-бет келген жерге, туған жеріме қайттым. Сол жерден нағыз әдебиеттің не екенін түсіндім. Сол үшін Кафкаға рахмет айтамын. Өйткені, ол мен жазбақшы болған бірақ жазуға тұрмайтын нәрселерді жазбаған еді.
Бір күні мен Фолкнердің шығармаларында көрсетілген жерлермен танысу үшін құрама штаттардың шығысына қарап сапар шектім. Ол жер мен дүниеге келген Аракатаг қаласына өте ұқсап кететін еді. Бәлкім маған солай сезілген шығар. Бірақ менің назарымда бұл қалалардың нақты белгілері бір-біріне ұқсас еді. «Юнайтет Фрод серіктігінің» құрлуымен ол жерде мәдениет архитектура, сонымен бірге темір қорғанды аумақтар, поезд бекеттері, палмалықтар пайда болды. Бұл құрама штаттардың шығысындада бар еді. Бұлардаы көргеннен кейін менің шығармаларымдағы айта алған жане айтпақшы болған ойлар көлеміндегі мәселелерге жауап табылған еді. Және менің Фолкнер шығармаларының әсеріне ұшырағанымды мойндамауым әділетсіздік болатын еді.
Мен атын атап өткен үш жазушыда испан тілінде шығарма жазбайтынын көріп отырсыз, бірақ, менің шығармашылығым өте ықпалына ұшыраған бір әдебиет бар. Ол алтын ғасырдағы испан жырлары. Мен Испан тілін үйрену нәтижесінде поптық дәрежеде білім алу мүмкіндігне қол жеткіздім. Мен қазір Испан жырларын бес саусағымдай анық білемін деп айта аламын. Бұл менің шығармашылығыма ес қатты. Колумбия жәнеде Кариб аралдарының халық ертегілерінен қатты әсерленгенмін. Мен оларды шығарма қылып жазу үшін келгенімде кешігіп қалған едім. Сондай болсада, Түсінігімше ертегілерде дүниенің жұмбақ сырлары жасырылып жатыр. Мен Кариб музыкаларындағы адалдықпен тазалықтан өте әсерленемін. Бұл «адырнаның көзі» атты шығармамда көрніс тапқан. Сондықтан шығармамды аударған аудармашылар көп қиыншылықтарға кездеседі. Шығарма Кариб халықтарының жырлырымен байытылған. Сонымен бірге, онда Кубалықтардың, Мексикалықтардың ертегілері қамтылған. Турасын айту керек, бұл саналы түрде қосылған. бұл шығармашылық адамдарының лаззаттануы үшін жасаған өзіне тән әдеби ойын еді.
- Шығармаларыңыздағы геройлар туралы не айтасыз?
- Шығармадағы кейіпкерлер, бұл тек жеке адамның емес, көптеген кісілерден жинақталған обыраздар. Егер, бір жазушы бір бейнені жасамақ болса ол біреудің сұсты көзін және біреудің мұрнын, үшінші адамның мінезін, төртінші адамның шашын алып, жағымсыз кейіпкерді жасап шығады. Өз кейіпкерлерім туралы айтсам олардың бейнесін танитын Кейпкерлерді жазушы алдымен өзі талдайды. Ол мейлі әйел, мейлі ер. Мейлі жақсы, мейлі жаман болсын, бастапқы әсерлену жазушыдан басталады. Шығарма желісі бойнша обыразды ашу басқа әңгіме. Жазушы персонаждардың қайсысы жақсы, қайсысы жаман екенін жүрегімен сезінеді. Қысқысы, қалыптың ішінде не болса сол ортаға шығады. Сол үшін әдебиеттегі нәзік сезінуді ұстап тұру өте қиын. Өйткені сен таңертең басқа адам боласың, ал кеште оданда басқа адамға айналасың...
Аударған: Ықылас Шалғынбай