Құл-Керім Елемес. Мемлекет өз ұрпағын ақылы оқытып қашанғы қорлайды?

/uploads/thumbnail/20170708150737549_small.jpg

Мемлекет өз болашағы – жастарды тегін оқуға ақша төлемей сырт беруде. Бұл – әділетсіздік. Анығында өздері ақша төлеп оқитындар да, мемлекет грантпен оқытқандар да осы мемлекет үшін қызмет етеді. Ақшасын өздері төлеп оқитындар мемлекеттен тыс бір жаққа кетпейді, олар да осы екінші үлкен анасы – мемлекетіне қызмет етеді. Қанша алалап, өгейлік танытып, кеудесінен итерсе де олар осы (кеудесінен итерген, соған қарамастан ең сүйікті анасы) мемлекет үшін қан мен терін төгеді. Саналы ғұмырын ана мемлекетіне арнайды. Мемлекет – ана осыны неге білмейді, неге ойламайды?

Ана (әке де) еш баласын бір-бірінен алаламайды. Тіпті өгейін де «сен бөтенсің» демейді. Ақ сүтін тең береді, тең емізеді, тең киіндіреді, тең тәрбиелейді, пәле-жаладан, оттан, судан жанын сала қорғайды. Ол – оның Аллаһ берген аналық асыл қасиеті. Ал балалары оқу жасына келсе тағы да ізгі көңілмен мектепке алып барып, бірі-бірінен қалыспай оқуына, білім алуына, тәрбиеленуіне барын салады. Бір сөзбен айтқанда, ана балаларын табандарына кірген шөгірді маңдайына кіруін қалайтындай бір ұлы махаббатпен сүйіп өсіреді. Мұғалімның «жақсы» деген с өзінен көкке көтеріліп, сәл ғана «болмай жүр» деген сөзінен боркеміктеніп қабырғасынан сөгіліп қалады. Ондағысы балаларының ізгі болуын, қатарымен тең, тіпті озық болуын қалағаны, қылаудай жамандыққа қимағаны. Міне, осындай бөлусіз, жарусыз өсірген құлындарын «мемлекет» деп аталатын балалардың екінші қоғамдық анасының грант арқылы бөлшектеп, «мынауың грантпен оқы, мынауың қайтсең-сөйт» дегенге саятын теңсіз пейілмен алалағанына ата-ана наразы. Олардың мемлекет болашағы болған балалары да іштей наразы. Бірақ қолдан келер пәрмен жоқ. Демек, мемлекет өз болашағы – жастарды тегін оқуға ақша төлемей сырт беруде. Бұл – әділетсіздік. Анығында өздері ақша төлеп оқитындар да, мемлекет грантпен оқытқандар да осы мемлекет үшін қызмет етеді. Ақшасын өздері төлеп оқитындар мемлекеттен тыс бір жаққа кетпейді, олар да осы екінші үлкен анасы – мемлекетіне қызмет етеді. Қанша алалап, өгейлік танытып, кеудесінен итерсе де олар осы (кеудесінен итерген, соған қарамастан ең сүйікті анасы) мемлекет үшін қан мен терін төгеді. Саналы ғұмырын ана мемлекетіне арнайды. Мемлекет – ана осыны неге білмейді, неге ойламайды?

 Біздің жан саны адам күлерлік аз, жері мен байлығы естіген адам таңғаларлық (көп, көлемді) мемлекетіміз, міне, осылайша өз болашағына өгейлік танытуда, кеудесінен итеруде, алалауда. Бұл шыққан Күндей шындық. Бұл бүгін айтылмаса ертең айтылатын әрі байқамаса мемлекеттік құзырлы әкімшіліктерді қатты өкіндіретін шындық. Мемлекет бұлай істеу арқылы әуелі болашағы болған жастардың, сосын бейшара ата-аналардың көңілін қалдыруда. Олар балаларын дүниеге әкеледі. Мардымсыз ғана (көмек) ақшаға, дұрысы «арты қайырлы болар» деген үмітпен арқа еттерін арша, борбай еттерін борша ете жүріп, қандай ауыр жағдайда да балаларына толық орта мектеп тауыстырады. Тек оқытып қана қоймай, көздерінің қарасы болған ол жалғыздарын «елді, мемлекетті сүюге, оны қорғауға» тәрбиелейді. Сөйтіп олар енді ғана университет оқытарға келгенде сұмдық пәлеге тап болады. Ол пәле – ата-аналардың балаларын жоғары оқу орындарына ақыл сенбейтін көп ақшаға оқытуға мәжбүр болуы. Мемлекет мысқыл пейілмен балаларын оқыта алмай, өздері аз киіп, аз ішсе де тапқан бес тиынын құрап жан ұшыра университеттерге ұмтылған ата-аналарға қарап отыр. Олардың жас тұнған жанары мен жүздеріне кекеу көзбен қарап отырғандай. Екінші бір сөзбен айтқанда, онсыз да тапқанын мемлекеттің күннен-күнге асқынған баға бәсекесіне жеткізе алмай базарларға жұттырып қарап отырған халық ақырғы дәрмендерін жинап, бір сиырын болса да сатып, жартысын балаларының оқуына университетке беріп, жартысын тамағына салады. Осылайша өздерін «қорғар» деп сенген мемлекет ата-аналардың жандарын жалдап жүріп (орта мектепті әрең) оқытқан балаларын университетке ақысыз оқытпақ түгілі, олардың тапқандарын өлшеусіз өсе салатын зат бағасы арқылы кеңірдектерінен сығып алып отыр. Бұны қазір мемлекеттің білмеуі мүмкін емес. Бұл «мәдениетті» түрде балаларының қатарынан қалмауын, мемлекетке қызмет етуін ойлаған ата-ананың қазіргі көксіңір халы.

Анығы, мемлекет өз болашағы жастарының сауы түгілі есі ауысқанын да ақысыз тәрбиелеуге сөзсіз міндетті болатын. Бір сөз ғой, онда мемлекетке тек оқу ақысын төлегендер ғана қызмет істесін. Жоқ, мемлекет ана, сен ойлан! Сенің әр ұланың – бақытың. Олардың бірінен бірінің артығы және кемі жоқ. Адамдық құқықта да солай. Ақыл-парасатта да солай. Мемлекеттің оларға, олардың мемлекетке мүддесінде де солай. Аллаһ одан сақтасын, дегенмен қапияда соғыс бола қалса, оған да мемлекет грантпен оқытқандар ғана бармайтыны анық. Демек, мемлекеттің білігі сол дәуірін басқарғандардың білігі мен әділеттілігіне байланысты көрініс таппақ. Мұны әр дәрежелі билік иелері білгені жөн.

 Мемлекеттің көптен бөліп алып («ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды» дейді халқымыз), ақшаны көсіп беріп тәрбиелеп жатқан «бақыттылары», дәл солардың қасында олар оқыған оқуды басына төнген ауыртпалық пен жоқшылыққа шыдап, өгей баланың күйін кешсе де олармен бірге жағаласа оқып жатқан жанкешті ұрпақтың қолына су қуйып беруге жарамай қалуы бек мүмкін. Оның мысалы өмірде өте көп... Бұл және де грантқа ілінбей (ілінетін еді, ілмей қойған мемлекет) қалған боздақтардың ішкі наразылығы мен өкпе, кегін асқындыруда. Оларды бұл іс тіпті жасытуда, қорлауда. Мұны рухани жарылғыш зат деп те түсінген жөн болар. Өйткені, олардың бәрі ақылды, саналы, салауатты, сабырлы, төзімді, нағыз ертеңгі мемлекеттің өз боздақтары. Әлгі мемлекет грантпен оқытып жатқан ақылдылармен бірге білім алып, бірге тәрбиеленген, тіпті оқу ақысын өздері төлесе де, табан тіреп оқып жатқан ақылдылар. Бұлар тіпті әлгі қатарларынан бөліп, алалап, өздеріне өгейлік танытып отырған мемлекеттің нағыз жалаңаш, аш, өксікті, кекті патриоттары. Олар өздерін алалаған, өгей пиғылмен қараған мемлекетке өкпелі. Өйткені, олар қорлануда. Олардың ата-аналары да қорлануда. Қорлау кімді ашындырмаушы еді, кімді кектендірмеуші еді? Егер мемлекеттің оларды ақымен оқытуға шамасы жетпесе дағы бір сәрі... Тағы бір сөз, бұл дәл осы істің артында бұл мемлекеттің көркеюін қаламайтын әлдекімдер тұр-ау, солар күні ертең қазіргі бұл саясатты жүргізушілерді қаралауға жасап отырған қам ба деген ой келеді кейде. Ойланған жақсы! Бұл істі оңына келтірген одан да жақсы, құрметті елдің жақсылары!

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар