Қостанай қаласындағы екі көшенің атауы қазақшалануы мүмкін деп хабарлайды "Қамшы" порталы.
Қостанай қалалық мәслихатына бірнеше ұйымның атынан көше атауларын ауыстыру жөнінде өтініш хат келіп түскен екен. Сол бойынша 2016 жылдың 06 желтоқсанында аталмыш мәселе бойынша қоғамдық тыңдау ұйымдастырылмақ. Қостанайға қоғырау шалған қамшыгерлер сүйінші хабар еститіндіктеріне үмітті.
Солтүстіктегі сел қозғалса, Герцен атындағы көше тарихшының құрметіне Зұлқайнар Алдамжар, ал Таран көшесі Тәуелсіздік деп өзгертіледі.