Кәмшат Жолдыбаеваға ұқсағысы келетін қыздар көп екен (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709184450837_small.jpg

Қарашада instagramm желісінде басталған "Мен Кәмшатқа ұқсаймын" байқауы өз мәресіне жетіпті. Оның басты ұйымдастырушысы да, әділқазысы да әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваның өзі. Ереже бойынша қатысушы Кәмшат ұсынған 5 суреттегі образға ұқсап суретке түсіп, оны өз instagramm парақшасына #men_kamshatka_uksaimyn хэштегін белгілеп, жариялауы керек болатын. Кәмшатқа ұқсағысы келетін қыздардың саны аз емес екен. Есептен жаңылмасам, жетпіс.

 

Байқауды бүгін қорытындылаған Кәмшаттың өзі былай дейді:

"Қымбатты, #men_kamshatka_uksaimyn байқауының қатысушылары! Өз өнерлеріңізді ортаға салып, үлкен қызығушылық танытып, ат салысқан барлық жандарға рахмет! Мені және менің шеберлерім Әсел мен Айзаданы көпшілігіңіз таң қалдырдыңыздар, тіпті таңдау кезінде біраз пікірталас болды: нәтижесінде, Айзаданың таңдауы - @seyilbekovaindira,  Әселдің таңдауы - @inkaryeleussin. Бұл арудар қай жағынан да болмасын жан-жақты дайындалған, жұмысқа үлкен жауапкершілікпен кіріскен. Құттықтаймыз!

Байқаудың шарты бойынша 2 жеңімпаз болуы тиіс... бірақ, мен тағы бір сіңліме менімен кездесуге мүмкіндік  беремін! Иә, "оны макияжы да, шаш үлгісі де ең жоғарғы деңгейде емес" дейсіздер Сіздер... алайда, бұл ару менің кішкентай кезімдегі өзімді еске түсірді, жүрегімді баурап алды. Сондықтан, @ a.b._official_, сені де жеңісіңмен құттықтаймын!

Қатысты Мақалалар