Отандық телехикая тағы бір өніммен толықпақ. Бүгін белгілі продюсер, тележүргізуші Баян Есентаеваның бастамасымен «Қазақ аруы» сериалының түсірілімі басталды. Басты рөлді 16 жасар Гүлзада Тұрлаш сомдайды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті мыңдаған үміткердің ішінен суырылып шықты. Бұған дейін Баян Мақсатқызы аталмыш телехикаяға өз орталығындағы әншілерді емес, халыққа танылмаған, талантты, сұлу қыздарды түсіргісі келетінін хабарлаған. Өзі де кезінде қатал кастингтен өткенін еске алды. Ал танымал тележүргізуші, актер Тәуекел Мүсілім ешбір іріктеусіз басты рөлге бекітілген. Түсірілім жұмыстары 15 күнге созылады деп жоспарланып отыр.
Пікір қалдыру