Үнемі дау-жанжалдың бел ортасында жүретін аты шулы Меруерт Түсіпбаева енді молдаларға шүйлікті. Алматылық молдалар әншінің көңілін қалдырған сыңайлы. Бүгін іnstagram желісіндегі жеке парақшасында мешіт молдаларына деген ренішін жеткізді.
Әнші: «Мешіттегі немқұрайлы, қалай болса солай қарайтын молдасымақтарға жаныңа сая іздеп, қыршыннан қиылған бауырыңа Құран оқытуға барғаныңызда сенесіз бе? Бір сүрені екі минутта алаңғасарлана оқи салады. Алладан қорықпай ма екен?»-дейді.
Сөзіне қарасақ, бүгін марқұм болған жақын екі адамына Құран бағыштау үшін мешітке барған екен. Әнші кіріп барғанда ақша санап отырған екі молда, Меруерт қағазға жазып берген марқұмдардың есімдерін қате оқығанға ұқсайды. Сөз соңында актриса оларды «молдекең» деп мысқалдаған.