Желі қолданушылары Нұрлан Еспанов пен Абай Бегейдің «сүйіскенін» қызу талқылап жатыр

/uploads/thumbnail/20170709184627207_small.jpg

Отандық бағдарламалардың бірінде Нұрлан Еспанов пен Абай Бегейдің "сүйіскені" туралы ақпарат  instagram желісіндегі aita_bersin парақшасында жарияланды.

Жұлдыздар екі командаға бөлініп, өзара жарысқа түсетін әзіл-сықақ бағдарламасының бұл анонсы желі қолданушыларының ашуына тиген сыңайлы.

Танымал әншілерді өзара "сүйістіріп" қойған бағдарламаға ашуланған желі қолданушылары:  "Құдай сақтасын, мынаны көріп сене алмай отырмын, не масқара мынау,"91-ге тиіскенде мықтысыңдар, осындай қылық жасағандарға неге үндемейсіңдер?", "Көгілдір экран бүгінгі таңда сапасыз, мағынасыз бағдарламасымақтарға толып кетті»-деп жазған.

Қатысты Мақалалар