Кеше сайтымызда Қазақстанға кіре алмаған Жаңа Зеландиялық саяхатшы жайлы ресейлік БАҚ-тағы ақпаратты берген болатынбыз. Олар шекара қызметкерлерін білімсіз деп айыптаған еді. Бүгін сол мәселеге байланысты бірнеше ақпарат жарияланды. Солардың бірі Tengrinews.kz. сайтында жарияланған шекара қызметкерлерінің түсінігі болып отыр.
Алматы әуежайында білімсіздіктің кесірінен болды деген саяхатшы қыздың даулы мәселесіне ҚР шекара қызметкерлері түсінік берді. Олар болған оқиғаны бос сөз деген.
Қазақстан еліне кіре алмаған Жаңа Зеландиялық турист жайлы жаңалық барлық әлеуметтік желілерімен БАҚ құралдарын дүрліктірген болатын. Саяхатшы Хлой Филлипс-Хариис шекара күзетшілері Жаңа Зеландияның жеке мемлекет екенін білмейді және менен Австралияның жеке куәлігін сұрады деп сендірген-мыс. Ол шетелдік БАҚ өкілдеріне «Мен жерге қона сала көші-қон қызметкерлері менен австралиялық жеке куәлігімді сұрады. Онсыз мені елге кіргізбейтіндерін айтты. Жаңа Зеландия Австралия елінің бір бөлігі деді» деген болатын.
Бірақ, ҚР шекара қызметкерлері болған жайттың басқа нұсқасын келтірді. Баспасөз қызметкерлерінің айтуы бойынша, қызда виза болмаған. Хлой Филлипс-Харрис Қазақстанға 2016 жылдың 24 мамыр айында СZ-6011 рейсімен Үрімжі-Алматы бағытында келген.
"Алматы әуежайындағы бақылау кезінде ол Жаңа Зеландиялық паспортын көрсетті, бірақ онда Қазақстанның визасы болмады. Әрине, халықаралық және ұлттық заң талаптарында Жаңа Зеландиялықтар үшін кіру визасы болмаса ештеңе етпейді деген ереже жоқ. Осыған байланысты саяхатшы Хлой Филлипс-Харрис Қазақстан еліне кіре алмады. Ал, Жаңа Зеландияны білмеу туралы ештеңе болған жоқ", - деді баспасөз қызметшілері.
Сондай-ақ, елге кіре алмаған жағдайда ол адам әуе компаниясы арқылы кері бағытта жер аударылады. Сол себепті, оны Алматы-Үрімжі бағытында қайтару заңды болған екен.
Сондай-ақ, әуе компаниясы тиісті құжаты дұрыс болмай, елге кіре алмай қалған адамдардың барлық шығындарына өздері жауапты екен. Яғни, түсініксіз жай болған уақыттан бастап бар мәселе солардың жауапкершілігінде.
Баспасөз қызметінің айтуынша Алматы халықаралық әуежайының консулдық бекетінің кезекші қызметкерлері оған Қазақстандық виза берген. Аталған жылдың 6 маусымында саяхатшы елден кеткен.