Парламентте қазақ жерін сату жөніндегі заңды қолдап бірінші болып дауыс берген, Астанаға Н. Назарбаев атын беруге жанын салған, мұсылман дінінің қазаққа жат ағымын ұстанатын, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан енді келіп, Қазақстанда жұмыс істеп тұрған Фейсбукқа ашық қарсы шығып, демократияны тұншықтыруға кіріскен сияқты ма, қалай? Бұл пендеге өз ұлтына соншама өшігетіндей не болған өзі?
«Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігі және дамуы мәселелері туралы» өткен Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Бекболат Тілеуxан фейсбук желісінің Қазақстанда саяси аренаға айналып кеткеніне қынжылыс білдірді, - деп жазады Baq.kz.
Бекболат Тілеухан ашық түрде Қазақстанда демократия орнатуға қарсы шығып отыр. Бұл сорлы пенде Қазақстанда қайтадан саяси қуғын-сүргін болуын, ана еркіндікті аңсаған, шындықты шырылдап айтып жүргендерді Сталиндік замандағыдай еш сотсыз, тергеусіз жазаламақшы ма сонда?..
Жұмаш Көкбөрі