Ем үшін берілетін препаратты сатқан адам ұсталды

/uploads/thumbnail/20170709184653520_small.png

Шығыс Қазақстан облысында онкологиялық ауруға шалдыққан ер адам, ем ретінде берілетін морфинді сатқаны үшін сотталды деп хабарлайды tengrinews.kz . Бұл препараттарды дәрігерлер оған ауруды басу үшін ақысыз беріп отырған.

ШҚО ІІД Жедел тексеру қызметіне облыстық орталықтың тұрғыны морфин сатып жүр деген ақпарат түскен. Тексеру барысында есірткіні таратып жүрген адам рактың ауыр түріне шалдыққан. Ол сатылымнан түскен ақшаны өз қажеттілігіне жаратқаны белгілі болды. Сотталған ер адам морфинді есірткіге тәуелді адамдарға сатқан. Қылмысы әшкереленгеннен кейін, сот 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сотта ол өзінің ауруы туралы білгеннен кейін жалақысына ала алмаған заттарын осындай жолмен иеленуді жөн санағанын мойындады. Оның бұған дейін сотталған белгілі болды.

 

Қатысты Мақалалар