Алмақан Жеңісқызы
МӘҢГІЛІКТІҢ ҚҰШАҒЫНДА
Белгісіз мұңдар бастап
Әкетті мені сонау сапарларға.
Алтайдың тауларындай тұлғаң асқақ,
Таудай биік махаббаттан жасалғанба.
Белгісіз бір сағынш,
Бермейді бергісі жоқ маған ырық.
Алыстап кете алмаймын,
Бара алмаймын және де оған жуық.
Ой кешемін сағынып содан мүлгіп.
Ілесіп жетегіне сағынштың,
Келмеске мен аттанып баратырмын.
Білесіңбе, мен осы сағынштың,
Сарғайған сабағынан жаратылдым.
Сағынш жоғалмайды,
мен-дағы сезем оны.
Бақытты шығармын мен,
ұғынсаң сеннен көрі.
Сағынш. . . Ал, сағынш меннен ұлы.
Сол үшін мәңгілікпін,
Махаббат ғайып болып, сағынш үзілгенше.
Ай күннен күдер ұзып,
Аспанды аңсаған жер бүлінгенше.
СЕЗІНУ
Мөлдір Алтай барады жылап ағып,
Қасыретімді тыңдайды тұра қалып.
Сағынш талқандаған жүрегімді,
Отырамын ағатай,
жырыммен құрап алып.
Самса-самса қарағайлар
сіңілісі мендегі сағынштың,
Жұлмалап жүрегімді бұлтпен бірге алып ұштым.
Торқадай топырағы, Алтайдың сері белі,
Шақырды еһ, бйігіне сені, мені. . .
Алтайдың аспанынан сағынш төгіледі,
Ал оның топырағынан мұң исі сезіледі.
Жүрегім кеткен ұшып сен жаққа құс жолымен,
Артымда қалған жолға кешірші кеш дедім мен.
Ағатай жетем саған,
Сен мені тоспа бірақ.
Жеткізер саған мені ғаламнан аққан бұлақ,
Жұлдызды жип алып хат қылып жіберемін,
Ай мені құшақтайды ағытып түймелерін,
Кетемін мәңгілікке оралмай осы маңға,
Барынен артық мені аялап сүйген өлім.
дайындаған: Бұлғын Сусар