Forbes әлемдегі ең бай видеоблогерлердің тізімін жариялады

/uploads/thumbnail/20170709184717128_small.jpg

Әлеуметтік желіде PewDiePie деген лақап атпен танымал шведтік геймер (ойыншы) Феликс Шелберг екінші жыл қатарынан  Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі бай видеоблогерлердің көшін бастап тұр. Сарапшылар 50 миллион жазылушысы бар шведтіктің табысын өткен жылдың маусым айынан 2016 жылдың маусым айына дейін 15 миллион доллар деп бағалап отыр.

Бұдан бұрынғы табысы 12 миллион долларды құраған болатын. Журналдың түсіндіруі бойынша Шелбергтің табысы оның YouTube каналындағы видеохостингінің танымалдылығына байланысты емес екен. Оған қосымша 100 мың данамен сатылып кеткен кітаптары да әсер еткен.

Екінші орынды бір жылға 8 миллион доллар табыс тапқан Роман Этвуд атты видеоблогер иеленді. Табысының жартысын ол жәдігерлері және «Туа біткен қалжынбастар» атты фильмінен тапқан.

 

Үшінші орында стендап-күлдіргі әртіс Лилли Сингх тұр. Оның табысы бір жылда үш есеге өсіп 7,5 миллион долларды құраған. Блогерліктен бөлек қосымша ол өзінің жеке брендін сатумен пайда табады.

Журналда барлығы 12 видеоблогерлердің тізімі берілген. Сарапшылардың пікірінше барлығының қаржысы 70 миллион долларды құрайды. Яғни, былтырғы жылмен салыстырғанда 23%-ға өскен.

 

Аударған Әйгерім Әмір

Қатысты Мақалалар