Алматыда тағы да өрт

/uploads/thumbnail/20170709185351220_small.jpg

Алматыда тағы да алапат өрт болды. Күндіз-түні қонақ арылмай, тәулік бойы бойы жұмыс істейтін "Аспандияр" асханасы сау-тамтығы қалмай отқа оранып, артынша жарылыс болды.  Төтенше жағдай кезінде ірі асхананың іші келушілерге лық толы болған деп хабарлайды 31.kz

Үзіліссіз қызмет көрсететін "Аспандияр" халал асханасы әп-сәтте қызыл жалынның құрсауында кетті.  Ғимарат аумағы да көлемді, бірнеше бөліктен тұрады. Жалпы көлемі 1700 шаршы метр. Куәгерлердің айтуынша, асхананың ас даярлау бөлмесінде бір зат жарылып, артынша өрт шыққан. Осы сәтте қонақтар мен қызметкерлер жапатармағай сыртқа ұмтылады.

МАҚСАТ, Куәгер:

- Барлық халық, төмен жақта отырғандар көшеге шығып, машиналар, кептеліс болып адамдар қаумалап кетті. Содан 2 минут өтпеді ғой деймін, тағы да от жоғары лаулады.

- 10 метрдей жүрсем, үйдің төбесінен от лаулап жатты. Іштен газ баллондарын шығарып жатыр.

Өрт сөндірушілер келген уақытта тағы бір жойқын жарылыс болады. Жалынмен отызға жуық техника мен 130-дан астам жеке құрам сарбазы бір сағат бойы алысты.

Қазір өрт  ауыздықталғанмен, маңай қою түтіннен әлі сейілер емес. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен бірнеше техника қызу жұмыс жүргізіп жатыр. Ғимараттың бір қапталында бірнеше дөнер, шаурма сататын дүңгіршектер де болғанын байқауға болады.

Құтқарушылар асхана аумағынан оттегі толтырылған 4 баллонмен бірге 4 газ баллонын алып шыққан. Төтенше жағдайлар департаменті өрт туралы хабарлама дер уақытында түспегенін айтады.

САНДУҒАШ БАЙМҰХАМБЕТОВА, Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Өрт сөндіру қызметкерлері шақырылған жерге келген кезде өрттің үлкен аумаққа ауысып, және де жанында орналасқан жеке тұрғын үйлер мен үлкен ғимараттарға өрттің ауысу қаупі болды.

Өрттен әзірге жапа шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Ал бұл жазғы маусым қарсаңында Алматыда болған жалғыз оқиға емес. Бұған дейін "Юбилейный" супермаркеті, "Арагоста" түнгі клубы толықтай өртеніп кеткен еді. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жазғы кафе, асханаларға бақылауды күшейткенмен, қаладағы өрт жағдайлары сиремей отыр.

 

Қатысты Мақалалар