Филолог мамандар: «наградталды» сөзі қазақ тілінің сөздік қорында бар

/uploads/thumbnail/20170709185623180_small.jpg

Соңғы күндері еліміздің бірқатар азаматтары 2016 жылдың қорытындысы бойынша, атқарған жұмыстары мен еңбектеріне орай медальдармен марапаттап жатыр. Осыған байланысты халық арасында «наградталды» деген сөздің төңірегінде біраз дау-дамайлар көтерілген болатын.  Бұл мәселеге тіл мамандары араласып, өз пікірлерін айтты деп хабарлайды tengrinews.kz

«Совет үкіметі кезінде «награда» сөзі осы күйінде қолданылатын. Тәуелсіздік алғалы бұл сөз «марапат» деп аударылған. Сонан соң оның «марапаттау» «марапатталды»  деген етістік тұлғалары пайда болды. 2002 жылы шыққан қазақша-орысша сөздікте «награда»-«марапат», «наградить»-«марапаттау» деп аударылып берілген.  2014 жылы басылып шыққан 30 томдық термин сөздігінде де дәл осылай берілген. Жалпы «награда» және «марапат», «наградтау» және «марапаттау» сөздерін қазақ тілінде қатар қолдану үйреншікті жағдай, онда тұрған ештеңе де жоқ. Совет үкіметі кезінде «наградтау» деп қолданған сөз қазіргі таңда «марапаттау» деп айтылады», - деп тіл маманы Жантас Жақыпов өз тұжырымын жасады.

Оның сөздеріне ЕҰУ-дың мұғалімі, тіл ,ылымының докторы Серік Негимов те қосылады. 

«Наградталды сөзіні қазақ тілінде бұрыннан қолданылады, ол ешқандай да грамматикалық қателік емес. «наградталды» сөзін «награждается» деп те аударады. Құжаттарды «наградталды», «марапатталды» сөздерін қатар қолдануға болады», - дейді.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар