Еркін Шүкіман «2016 жылдың үздік әншісі» атанды

/uploads/thumbnail/20170709185924836_small.jpg

Тәуелсіздік күні қарсаңында республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газеті мен республикалық «Уақыт Таңдауы –Выбор Времени» Агенттігінің бірлескен жобасы бойынша жеңімпаздар анықталды. «Жылдың үздік облыс әкімі» номинациясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев жеңімпаз деп танылды. Ол жыл ішінде облыс экономикасын дағдарысқа қарсы шараларға іскерлікпен жұмылдыра алды. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын модернизациялау жедел жүргізілді. Индустриалдық жобаларды жүзеге асыру мен баспана мәселелерін шешуде  айтарлықтай ілгерілеушіліктерге қол жеткізді.

Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы ТҮРКСОИ «Жылдың үздік халықаралық ұйымы» аталымында  жеңіске жетті. Қазақстанның бұрынғы Мәдениет министрі Дүйсен Қасейінов басқаратын бұл халықаралық ұйым түркі халықтарының ортақ мәдени мұраларын әлемдік деңгейге көтеру мақсатында қыруар шаруаларды жүзеге асырды.

Техника ғылымының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров басқаратын Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті «Жылдың үздік жоғары оқу орны» атанды. Университет үш деңгейлі оқыту жүйесін республикада алғашқылардың бірі болып жүзеге асырды.

Алматы қалалық кардиология орталығы халыққа кепілді медициналық көмек көрсету бойынша «Жылдың үздік емдеу мекемесі» атанды. Жоғары санатты кардиохирург Алмат Тұрысбекұлы Қодасбаев басшылық ететін ұжым тек 2016 жылдың өзінде 4 мыңға тарта коронаграфия және мың жарымдай коронарлық артерияларды стенттеуді жүзеге асырды. Бұл осыншама адамды өмірге қайта оралтты деген сөз.

Сыдық Бекет басқаратын «Дәулет-Бекет» компаниясы шұбат өндіру технологиясын өндірістік жолға қойғаны үшін «Жылдың үздік компаниясы» номинациясының жеңімпазына айналды. Бүгінгі күні 5 мыңнан астам түйе өсіріп отырған шаруашылық жылына 1600 тонна сүт, 300 тонна ет, 12 тонна жүн өндіретін межеге жетті. Шұбат тек Қазақстан емес көрші мемлекеттерге де экспортқа шығарылады.

«Уақыт Таңдауы» жобасында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Еркін Тұрсынғалиұлы Шүкіман  «2016 жылдың үздік әншісі» атанды. Арқа әндерінің насихатшысы әншілік қызметпен ғана емес қазақ музыка өнерінің зерделі зерттеушісі ретінде де көзге түсіп жүр.  

Қатысты Мақалалар