kazday.kz сайтында «Первый канал Казахстан» арнасының эфирінде көрсетілген жалған бағдарлама жайлы Познер пікір білдірді» деген материал жарияланды. «Қамшы» порталы оқырмандарына материалдың қазақ тіліндегі аудармасын оқырман назарына ұсынады.
17 желтоқсан күні «Первый канал Казахстан» арнасында отандық тележүргізуші Эльмира Шаукентаева мен журналист Владимир Познердің әңгімесінің үзіндісі келтірілген бағдарлама көрсетілген болатын.
Эфирде диктор «Первый канал Казахстанның» қызметкерінің берген жауабы сенсациялық жаңалық екенін тілге тиек етеді.
Содан соң «Познер» бағдарламасы көрсетіледі. Познер Шаукентаеваға «Сіз менің шақыруымды қабыл алдыңыз. Қабылдайды деп ойлаған жоқпын» деп сөйлейді.
Кадрде Эльмира Шаукентаева пайда болады. Познер оған «Өзіңіздің қандай қырыңызды ұнатпайсыз?» деп сұрақ қояды.
«Қорқақтық. Булгаковше бұл кемшіліктердің ең жаманы» дейді Шаукентаева.
Интервью бар-жоғы бір минутқа созылады. Одан соң үзіледі.
Арнада көрсетілген бұл жазба ғаламторда шу туғызды. Себебі ресейлік "Первый каналдың" мұрағатына кірсек, Шаукентаеваның қатысуымен мұндай бағдарлама шыққан емес. 19 желтоқсан күні арнаның ресми сайтында Познердің Михаил Шемякинмен әңгімесінің анонсы ғана бар.
Ең бастысы, Познер Шаукентаеваны не үшін бағдарламасына шақыруы керектігі түсініксіз.
Эфирді көрген көрермен Шаукентаева Познердің қонағы болды деп ойлап қалды. Артқы фонға сенсек, ол студияда отырған сияқты. Алайда Познер де, Шаукентаева да бірге көрінетін кадр жоқ.
Дау-дамайдың анық-қанығына жету, ақ-қараның жігін ажырату мақсатында Kazday редакциясы Владимир Познерге хабарласқан болатын. Редакцияға хат түрінде мынандай жауап келді:
«Бұл басынан бастап аяғына шейін жалған дүние (фейк). Мына фейкке қарап «Первый канал Казахстандағы» ақпараттың "шынайылығына" көз жеткізуге болады екен. Мұндай жетістікпен ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырзаны құттықтағым келеді. Өз таң қалысымды жасыра алмаймын, Владимир Познер».
Айтпақшы, бұл «Первый канал Казахстанның» қызметкерлері ұйымдастырған алғашқы дау-дамай емес.