Қазақстанда өмір сүрудің 6 ережесі

/uploads/thumbnail/20170709190233228_small.jpg

Француз режиссері Виктория Якубов esquire.kz сайтына Қазақстан турасында, Франция мен Қазақ елінің кинематографиясы жөнінде  сұхбат берді. Ол қазір Қазақстанда фильм түсіріп жатыр және бұл оның еліміз жайындағы алғашқы туындысы емес.

Қазақстанда өмір сүру ережесі 1

Мені Қазақстанда не қызықтыратыны және қандай күш тартып тұратынын түсіндіре алмаймын. Тек сезімімді сипаттап бере аламын. Бұл бір тылсым күш. Сонымен қатар өзім туылған Өзбекстанға да жақын. Израилге көшіп кеткеннен кейін 25 жыл жырақта жүрдім. Ұзақ үзілістен кейін келген алғашқы туған жерім Алматы болды. Жүрегім мен жаным дәл осылай қуанады деп күтпеген едім!

Меніңше Қазақстан жердің жәннәті. Бұл жүрегімнен шыққан сөз. Бұл Қазақстандағы менің екінші туындым. Мен мұнда аз дегенде тағы екі фильм түсіруді жоспралап отырмын. Мен үшін қазақстандықтар таңдаулы халық.

Қазақстанда өмір сүру  ережесі 2

Қиыншылықтың артында керемет дүние жатыр. Жақында  біреудің Израил туралы жазғанын оқыдым. Онда Израилде үнемі соғыс болатыны, алайда  Израил жас мемлекет екені және дәл осылай  дамитынын жазған. Израилдегі өмір – қуғын-сүргінге толы. Әскер, соғыс, жақындарыңнан айрылу, сағыныш. 

Сәкен Нарымбетов үш ай маған кинемотографты үйретті. Менің бұрында үйренгендерімді жоққа шығарды.   Мен үнемі оған балалық шағым туралы айтып беретінмін. С.Нарымбетов маған басымнан өткергендерім турасында жазуға ұсыныс тастады. Жазғанымды оқығаннан кейін «енді фильм түсірсең болады» деп айтқан еді. Мени  керемет топ жинап, жарты жылда фильм түсірдік.

Қазақстанда өмір сүру ережесі 3

Бұл фильммен Монреалдағы «Cinémas du monde»  фестиваліне  қатыстық. 200 фильмнің ішінен 14 таңдалып алынды. Біз шорт-тізімге іліндік. Сыйлық алмасақта оның өзі біз үшін жетісік еді.

Бұл менің Қазақстанға қосқан алғашқы үлесім. Мен Қазақстан туралы фильмді әлемге паш еттім. Әдетте мен Қазақстан туралы Францияда айтсам, олар «Ол қайда орналасқан?» деп сұрайды. Ал фильмді көргендер Қазақстан туралы толық ақпараттанған.

Қазақстанда өмір сүру ережесі 4

Испандық продюсер барлық актерлер өте әдемі екенін айтып, олардың жарнамаға түсіп жүргендер ме деп сұрайтын. Ал мен бар болғаны айналада тұрған адамдарды масовка ретіне түсірген едім.

Мен Қазақстанға ғашықпын. Қазақстандағы өмір жаман және жақсы кино жоқ дегендермен түбегейлі келіспеймін. Халық «Аманат» фильмін көрді ме? Менің ойымша Қазақстанға тек сан ғана керек. Қазақстан гауһар тастармен көмкерілген. Тек алып, тазарту керек.

Менің қазіргі мақсатым – Парижде Орталық Азияның Мәдени орталығын ашу.

Францияда актерлер үнемі мемлекеттен ақша алады. Түсірілім алаңында жүрген адамдар жылына екі ай жұмыс істейді. Ал қалған уақытта мемлекет өзі қаржыландырады. Социализм деген осы! Сіздерде де осылай болу керек.

Сонымен қатар мен Қазақстанда театрланған пьеса қойғым келеді. Мен жас режиссермін. Мен де эмоция да, амбиция да көп. Бірақ, тәжірбие аз. Сондықтан мен өзімді маған тың дүние үйрететін адамдармен қоршадым.

Қазақстанда өмір сүру  ережесі 5

Мен 5 жасымнан актриса болуды армандадым. Алайда, үйдегілер қарсы болды. Сонда мен 7 жасымда көше театрын құрдым. Анам костюм тікті. Біз балабақшалар мен үй аулаларында ертегілер қойдық. Одан кейін Израил, соғыс... Есейгенде дизайнер болдым.

Францияда жылына 360 фильм шығарады. Яғни күнде бір фильм дүниеге келеді. Әрине онда мүмкіндіктер көп. Десек те, режиссер болғысы келетін адам онсыз өмір сүре алмайтынындай дәрежеде өз ісін жақсы көруі тиіс.  

Қазақстанда өмір сүру ережесі 6

Кәсіби жолын жаңа бастап келе жатқан режиссерлерге өз тарихын айтуға кеңес беремін. Мен 10 жыл бойы сценарийді ойластырдым. Сәкен аға ойдан шығарылған оқиғамен қоштасу әрқашан оңай, ал басыңнан өткен оқиғаңды сезіммен жеткізетініңді айтқан.

Қазір француз киносы тоқыраудың алдында тұр. Ал Израил кинематографы соңғы 10 жылда алға шықты. Онда барлығы өнімді кіршіксіз деңгейге жеткізгенше жұмыс істейді. Израил менталитеті сондай.

Мен өз тобымдағы  актерлерді және көрерменді өте қатты жақсы көремін. Хоопонопоно деген гавайлық түсінік бар. Ол бойынша біз өзімізді емдей отыра, әлемді емдейміз. Қазір түсірілім алаңында жүрген әрбір адам емделіп жатыр. Одан кейін фильмді көрген көрермен емдеу терапиясын алады деп үміттенемін.

                                                                                                                                                               Жазып алған: Марьям Зиаи                                                                                                                                                                                      

                                                                                                                                                                  Аударған: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар