Канадада кінәсі толық дәлелденбеген әйелді өмір бойы бас бостандығынан айырған

/uploads/thumbnail/20170709190258303_small.jpg

Статус- лайфер. Бұл – Канадада өмір бойы бас бостандығынан айырылған және 10 жылдан кейін мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығуға мүмкіндік беретін ауыр жазаның түрі.

Людмила Ильина күйеуін өлтірді деп айыпталып, жер бетінің барлық ауыртпалығынан өткен адам: әр түрлі режимдегі бес түрме. Бір жыл бұрын ол Ресейге қайтып оралды және «Орыс – демек кінәлі» атты кітап жазып шығарды.

Ильинаның ісі 2011 жылы (СВС) телевизиялық телеканалында  «Проект Невиновность» бағдарламасында айтылған болатын, бірақ Ресейде бұл оқиғаны ешкім білген жоқ.

Поляк ұлтынан шыққан американдық екінші күйеуімен, Збигнев Мичковскимен, Людмила 1979 жылы Хабаровскде, Халықаралық Тынықмұхиттық конгресте танысқан. Күйеуі – Манитоба канадалық провинциялық университетінің профессоры, политикалық географияның мұғалімі. Людмила – ғылым кандидаты. 

– Мен ол кезде табиғат қорғау мәселелерімен Байкал-Амур магистралінде жұмыс істеп жүргенмін. Сол кезде Тед (күйеуі) маған келіп, Кеңес одағында жиі болатынын айтты. Ол орысша тәуір сөйлейтін, МГУ-да оқыды. Екеуміздің ортақ әңгімеміз көп болатын.

Людмиланың жасы 40-та, күйеуі одан 16 жас үлкен.

Людмиланың бірінше некесі сәтсіз аяқталып, ажырасып кетеді. Кейіннен бірінші күйеуі жүрек талмасынан қайтыс болады.тТед Мәскеуге келген сайын Людмила екеуі кездесіп тұрады. Кейіннен екеуі бас қосып, отбасын құрады.

 – Ал сіз оны жақсы көрдіңіз ба?

 – Мен бірден жақсы көріп кете алмадым. Сотта менен: «Ал неге екеуіңіз сүйісіп тұрған бірде-бер сурет жоқ?» деп сұраған. Біздің жасымызда адамдардың көзінше ондай әдетке үйренбегенбіз. Біз басқаша тәрбиелендік. Мен оған Ресейге қайтуым керек дегенімде, ол: «Некемізді заңдастырмағанша, мен сені ешқайда жібермеймін» деп айтты. Некемізді заңдастырдық, мен Мәскеуге ұшып кеттім. Үйге жеткен соң ғана, мен өзімнің жалғыз екенімді, Тедтың маған жетпейтінін сездім. Мен Канадаға барып тұрдым. Үш ай осында, үш ай сонда. Бұлай бір-бірімізден жырақта өмір сүру ауыр болды, сосын мен күйеуіме қоныс аудардым. Тағдырымның жаңа сынақтары басталды. Біз алты жыл отбасылық ғұмыр кештік. 1995 жылы 20 шілдеде Тед айуандықпен өлтірілді. Мен оны үйімнің есік алдында қанға оранған күйі тауып алдым. Бірден 911 шақырдым. Полиция үшін мен бірінші күдікті ретінде саналдым. Мен адвокат сұратқанымда, маған: «Кінәлі болмасаң, адвокаттың не керегі бар?» деп айтты.

Кейіннен 30 дене жарақатын анықтады, оның 19-ы бас жарақаты. Бас сүйегі сынған. Айналасын бір ай бойы тексерсе де, полиция немен өлтірілгенін сол күйі анықтай алмады.

 – Бірінші тергеу есіңізде ме?

 – Мұндай нәрселер ешқашан ұмытылмайды. Тергеу 16 сағатқа созылды, түннің бір уағына дейін үзіліссіз жалғасты. Мені шешіндіріп тастап, әйел-полисмен денемнің әр сантиметрін тексеріп шықты. Бірде-бір жарақат, көгеру, қанның ізін таппады. Ешқандай дәлел таппады. Бірақ мен куәгерден айыпталушыға айналдым. Ен басты айғақ – үйде менен басқа ешкім болмады.

Джордж Дэнжерфилд прокурор егжей-тегжейлі ұйымдастырылған қанды-қол қылмыс екенін алға тарта беретін. Ол үнемі: «Ол орыс, ресейлік төлқұжаты бар, ол әр жерді аралып жүреді және Ресейге қашып кетуі мүмкін» деп қайталай беретін.

Людмиланы Портидждегі түрмеге үш айға қамап қояды – Канададағы ең қорқынышты түзеу мекемесі.

Қас пен көздің арасында ол бәрінен айырылады: күйеуінен, үйінен, жинаған ақшасынан – банк күйеуі екеуінің ортақ жинағын тәркіледі. Людмила қамауға алынған кейін ертесіне институттағы жұмысынан айырылды. Тағы бір тәуліктен кейін оның аты профессорлар тізімінен алынып тасталды. Атақты ғалым, әлемдік ғылыми қоғамдастықтың мүшесінен қанішерге айналды.

 – Сіз сол түні болған оқиғаны сараптамадан өткізіп көруге тырыстыңыз ба?

 – Мен жүз рет ойландым. Кешкі жетіде күйеуімді соңғы рет тірі кезінде көрдім. Таңертең ертесімен Ванкуверға іссапармен ұшуым керек болған. Тед таңғы беске маған такси жалдап қойды, ал өзі Фабриковскиға достарына қонаққа кетті.

 

...Оқиғаның қалай орын алғаны жайлы тек болжауға болады. Ол қонақтан келген кезінде, ұрылар үйді тонауға келуі мүмкін. Тед қарсылық көрсеткен шығар. Мүмкін ұрылардың артына түскен шығар, ал оны өлімші етіп жаралаған шығар. Үстелден екі әмиян жоғалып кеткен. Оныкі және Людмиланікі. Тедтың әмияны көшеде батпақта, қанға малынып жатты. Оның жақында ғана Польшадан әкелген ата-бабасынан мұра болып келе жатқан құнды заттары да жоғалып кеткен. Ал жақын тұратын көршілері қатты жылдамдықпен жүрген машина дауысын естігенін айтады.

 

 – Көп ұйқаспайтын нәрселер болды, – деп еске алады Людмила. – Күйеуімнің сол қолында үлкен көгеріп қалған із болды. Патологиялық анатомия мамандарының есебі бойынша, бұл қатты соққы болған. Ал менің денемде ешқайдай жарақат пен қанталау болған емес.

Сотт алқабилер  жүргізді. Дауыс 50 де 50-ге бөлінді. Мұндай жағдайда сот не кейінге қалдырылады, не айыпталушының пайдасына шешіледі. Ал сот оны өзі істемеген ісі үшін өмір бойы бас бостандығынан айырды.

– Бірінші сот отырысынан кейін мені әлі де босатар деп үмітімді үзбедім. Достарым маған: «Канада – демократиялық мемелекет. Бізде бәрі заң жүзінде болады және жазықсыз адамды отырғызбайды», – деді. Бірақ бәрі біткенін түсінген кезде мен көп дозалы дәрі қабылдадым. Портидждегі түрмеге қайта оралу – мен үшін өлімнен де жаман еді. Бірақ мен өлмедім.

– Сіз бес түрмеден өттіңіз. Канаданың пенитенциарлық жүйесі жайында не айта аласыз?

– Канадада түрмелер әртүрлі. Ең қорқынышысы – «максимум секьюрити». Ол жақта қылмыскерлер толық оқшаулауда тәулік бойы бақылауда болады. Ең бірінші олар сотталушы өз-өзіне ештеңе істемеуін қадағалайды, психологтың тексеруінен кейін ғана  федеральды түрмеге жібереді. Ол жақта олар екі жыл жазасын өтейді, тек жақсы тәртібімен, өзінің кінәсін мойындағанда ғана «медиум секьюрити» режиміндегі әдеттегі түрмеге жібереді.

 

– Ол жақта тұтқында ұстаудың шарттары қандай?

– Біз 10 адамдық бөлмеде тұрдық, менің терезеге қарайтын арнайы бөлмем болатын. Бақылау жүріп жатады, бірақ сен есік алдына серуенге шыға аласың, ең бастысы кітапхана, медпункт, спортзал болатын.

Жақсы тәртіп жағдайында «минимум секьюритиға» ауысуға болады. Ол жақта бостандық мүмкіндігі көбірек: түрме сыртында жұмыс жасауыңа болады. Бірақ ерлердің түрмесімен салыстыруға келмейді. Олар еш бақылаусыз жұмыс істей алады, тіпті, жеке автомобильдері болады. Менің жүргізуші куәлігімді бірден тартып алды. Мен оның уақытын созғым келгенімде, маған: «Түрмеден  тірі шығамын деп ойлап тұрмаған шығарсың?», – деді.

– Бірақ сізге лайфер статусыңызға қарамастан,  Мәскеуге, ауырып жатқан әпкеңізге барып келуге рұқсат етіпті ғой.

– Мен ол кезде «паролға» ауысқан едім. Ол шартты түрде мерзімінен бұрын босату. Бұл барлық тұтқындардың арманы. Менің әпкем онкологиялық аурумен қатты ауырып қалды. Мені үш айға Мәскеуге жіберді. Парол-офицер Линда Хэм маған сеніп, гарантым болды. Әрине, Канадаға қайтуға ешқандай зауқым болмады. Бірақ, сөзімнен тайқып, маған сенген адамдарды алдап кете алмадым.

– Өзіңізді сақтауға не көмектесті? Сынбауға, берілмеуге...

– Мен 8 жыл түрменің үкімін «күткенге» дейін енжар болдым.  Бұл уақытта маған не істегісі келсе де, істей беретін. Бірақ түрмеге түскен соң, мен өз өмірім үшін күресе бастадым. Ойланып, сараптай бастадым. Егер қолыңнан ештеңе өзгерту келмесе, жазаңды өтеп жүрген жеріңнің заңдары мен тәртіптерін үйренуің керек. Егер интернетке мүмкіндігіңіз болса, босап шығуың үшін жұмыс жасауың керек.

Мені олардың көзімен қарағанда адам өлтіруші, оның үстіне орыс болғаным үшін жек көруі керек деген адамдардың өздері сыйлайтын. Мен олар білмеген көп нәрсені білетінмін.

Мысалға, түрмеде кітапханаға баруға ешкімге рұқсат етілмейтін. Бірақ, мен заңға қосымша акттан лайфер статусы бар, ана тілі ағылшын, француз емес адамдарға өз ана тілінде оқуға мүмкіндік беруі міндетті екені жайлы біліп алдым. Шіркеумен де солай.

– Сіздің тірі қалуыңызға басқа не көмектесті?

– Жұмыс. Жұмыссыз адамның миы өледі. Маған Мәскеудегі әпкеммен сөйлесуге, витаминдерге қол жеткізу үшін жұмыс істеуім керек болды. Портиджде мені дәретхана жууға сайлап қойды, Гранд Вэлли түрмесінде мен тігін бригадасында жұмыс жасадым. Бір айда 120 доллар табатынмын.

– Сіз үйге қалай орала алдыңыз?

– Бірінші рет денсаулығыма байланысты Ресейге үш айға шығуға өтініш жазғанымда, маған бас тартты. Мен әпкеммен енді көріспейтін шығармын деп қорықтым. Жаңа өтінішім ұзақ уақыт бойы жауапсыз қалды, ал маған зейнетақы төлеуді доғарды. Ең соңында 2015 жылы 28 қарашадан кейін үш айға барып келуіме рұқсат етті. Мен ұзақ күте алмадым. 21 қыркүйек күні Канададан кетіп қалдым. Соңына дейін рейстен тоқтатып, кісен тағатын шығар деп қорықтым. Мәскеуге дейін үреймен бардым.

– Сіз бұрынғыша Ресей мен Канада азаматысыз ба?

– Ресейлік төлқұжаттан мен ешқашан бас тартқан емеспін. Бірақ, өкінішке қарай, әлі де Канаданың азаматымын. Әрине, достарыммен кездескім келеді, бірақ енді ол жаққа қайтпаймын. Мен әлі де лайфер статусындамын, мені түрмеге тоғытып қоюы мүмкін. Канада менің бәрімнен айырды – денсаулығымнан, ғылыми жобаларымнан, зейнатақымнан. Мен жарымжан болып қалдым. Әрең жүремін –  кісен аяғымның тамырын кесіп тастайтын.

Қазір 77 жастамын. Мәскеуде өз пәтерім жоқ. Әпкеммен бірге 15 мың рубльдық зейнетақымен күн көремін. Күндердің бір күнінде мені ақтайтын шығар, өлілердің санатында болсам да...

Mk.ru сайтынан аударған Шайхы Марал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар