Бейбіт Сарыбайдың жаңа кітабының тұсаукесері өтеді

/uploads/thumbnail/20170709190625640_small.jpg

Ертең, 22 желтоқсанда Жазушылар одағында жазушы Бейбіт Сарыбайдың «Мен романтик емеспін» атты кітабының тұсау кесері өтеді. Бұл туралы жазушының өзі әлеуметтік желіде жазды. Жаңа жарық көрген кітап ақын Бақыт Беделханның қолдауымен және Ержан Арзықұловтың көмегімен «Сырдария» баспасынан басылып шыққан.

Жазушы Бейбіт Сарыбай «Жазушылар одағы» аға референті, балаларға арналған «Дарабоз» халықаралық бәйгесінің екі мәрте жеңімпазы. Оның бүгінге дейін «Айна» атты өлеңдер жинағы, «Рауғаш ерте гүлдейді», «Қара торғай», «Мейірім» атты кітаптары жарық көрген.  

Қатысты Мақалалар