Газа секторындағы тұрғындар арасында адам шығынына әкелген жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан алаңдаушылығын білдіруде. ҚазАқпараттың хабарлауынша бұл туралы ҚР СІМ мәлімдемесінде айтылған.
"Израиль мен Палестинаны бейбіт келісім жүргізіп, қантөгісті тоқтатуға бағытталған шараларды қолға алуына шақырамыз.
Қазақстан әлемдік қауымдастықтың бастамалары мен келісілген қадамдарына қолдау білдіреді. Оның ішінде БҰҰ шеңберінде көп жылдық шиеленісті реттеп, қос жақты да қанағаттандыратын талаптар қарастырылған ұсыныстар да бар", делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.
Еске сала кететін болсақ, Араб-Израиль арасындағы текетірес жарты ғасырдан бері жалғасып келеді. Аталған аймақтағы қақтығыстардың басты себебі ұлт араздық қақтығыстар мен территориялық тартыстар болып саналады.
“Қамшы-ақпарат”
Пікір қалдыру