* Анасына қара күйе жағып, мәдениетсіз сөз айтқандарды Әли Оқапов "топас" деді. Елдің ағасымыз деп жүргендер оны сынап, мінеп, "бала-шала" деуге де барды. Әйтеуір, кешірім сұрап тынды.
* Бахтияр Артаев істі болып, халық алдындағы абыройынан түк қалмады. Бірақ халқы Бахтиярдың жағында. Бірақ екінші жағында да сол қазақтың бір қызы тұр екен-ау деген ой жоқ.
* Қайрат Нұртасты MCKZ музыкалық арнасы лақтырып кетті. Кешірімін әлі де сұраған жоқ. Кешірімін қойшы, халықтың қалтасын қағып кетті. Ешкімнің ешкімге ақша қайтарғанын көргенім жоқ.
* Неге екенін білмеймін, тойда түрсишең билеп жүрген қазақтардың видеосы дәл осы рамазан айында хит болды.
* Мөлдір Әуелбекова Кешю тобына қайтып келді. Бірақ біздің халық оны «қайтып келген мал» деп, ішіндегі «шерін» ақтарып қалды дейсің. Үлгерді-ау!
* Күшеніп баққанымызбен «Қара жорға» деген би біздікі емес болып шықты! 1924 жылғы видеосын көрген соң кейбір этнографтарымыз да «Қазақ жігіттері билемеген, бізде тек «Қара жорға» деген күй ғана болған» деуге көшті. Әлі күнге дейін сайрап жүрген псевдо-этнографтар ұшты-күйлі жоқ.
* Маржан Сұлтанбай тұрмысқа шыға салысымен діни сайттар рамазан айында үйленуге болмайды деген материалдарды көбейтті.
* "Дауыс International" тобының бұрынғы әншісі өле мас күйінде ел алдында масқара болды. Тістеген-тістемегенін суарес біліп пе!
* Тағы бір боксшымыз Бақыт Сәрсекбаев бапкеріне 5 жыл бұрын берген үйіне әлі де таласуда. Видеода ел-жұрттың көзінше сыйға тартқан пәтерін қайтып алмақшы.
* Ел ағалары Серік Абас-шах пен Дидар Амантай әншілерге сын айту-айтпау мәселесінде дауласып, бір-бірін блоктап тастап тынды. Боқтап тастамағанына шүкір.
Ардақ Құлтайдың "Facebook" әлеуметтік желідегі парақшасынан.
Пікір қалдыру