Ресей сарапшысы: 2017 жылы долларға шаққанда теңге бағамы 310-380 теңге болады

/uploads/thumbnail/20170709191126572_small.jpg

Ресейдің беделді қаржы сарапшыларының бірі, «Альпари» компаниясының аға сарапшысы Анна Бодрова 2017 жылғы «доллар-теңге» дуэтінің айырбастау дәлізіне қатысты болжамдарын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«2017 жылы АҚШ доллары қазақстандық теңгеден айтарлықтай басым болады, бірақ бұл теңгеге тұрақты қысымды білдірмейді. Доллардың орташа құны келесі жылы 310-380 теңге болады. Нарықтың бұл дәлізі түсінікті және баршаға аян. Еуро 335-410 теңге көлемінде қалады», - деді Бодров. Сонымен бірге оның айтуынша, инфляциялық ахуал қолданыстағы конъюнктурада дамитын болады. Тұтынушылық баға индексі бірте-бірте төмендейді және жыл қорытындысы бойынша 6% құрайды. Және ол ақшаны қандай валютада сақтау керегін айтты. «АҚШ долларын алуда нақты мақсат болуы тиіс. Егер мақсат жеке жинағыңызды толтыру болса, курсты бақылап, теңге тұрақтанған кезде ғана USD сатып алған жөн. Егер сыртқы жағдай күтпеген тосынсыйлар әкелмесе, курстық құбылмалылық бірқалыпты болуы мүмкін. Қазір, валюталар мен шикізаттың стрессі жоқ кезде, жеке жинақ себеті өз келбетін өзгертеді. Онда шамамен 60% АҚШ доллары, 30% теңге, қалғаны еуро мен қолма-қол ақша болуы мүмкін», - деп есептейді Анна Бодрова.

Айта кетер болсақ, биылғы жылы Қаңтар айында долларға шаққанда теңге бағамы 380 теңге шамасына дейін құнсызданған болатын. 

Қатысты Мақалалар