Кіші Крис Юбэнканың жаттықтырушысы әрі әкесі Үлкен Крис Юбэнк IFL TV берген сұхбатында баласы орта салмақтағы Генадий Головкиннен күштірек екенін айтты.
«Менің балам Головкинді сұлатып түсірер еді» деді ол.
Екі боксер бұған дейін жекпе-жекке шығу туралы келісімдер жүргізген. Алайда, британдық Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты.
Головкиннің айналасындағы әңгіме мұнымен бітпек емес. Boxingnews24.com журналисті Крис Уильямс «2016 жылдың ең үздік боксері» атағына лайықты деп тапқан спортшылардың тізімн жасады. Оның ішінде қазақстандық боксшы Генадий Головкинде бар.