АҚШ-тың президенттік сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Барак Обаманың 70% жуық қаулысын болдырмайтынын оның серіктесі Ньют Гингрич мәлімдеді деп хабарлайды bbc.com.
«60% немесе 70% (Обаманың) нұсқауларының барлығы дерлік күшін жояды» деді саясаткер.
Оның сөзінше мұндай қадамдар кішігірім заңгерлік рәсімдеуді талап етеді.
Трамп «демократтар лайықты деңгейде жеңіле білу керек» деген Путинмен келісетінін білдірді.
АҚШ демократиялық партиясы өзінің атауын да ұмытып қалды дейді Путин. Конгресстің экс-спикері жаңа президент обьективті түрде қарауға келмейтін қаулылардың да күшін жоя алатынына сенімді.
Сайлау кезінде Трамп Обаманың көптеген шешімдерін қайта қарайтынын айтқан. Оның ішінде денсаулық сақтау реформасына, көмірсутекті өндіруді шектеу және т.б мәселелерге қатысты.
Таңдалған президент Доналльд Трамптың инаугурациясы 2017 жылдың 20 қаңтарында болады.