Украиндық блогерге Путин үшін тиіскен ресейлік «жұлдызға» айналуда (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709191139968_small.png

Ресейлік "Звезда" телерадиокомпанияның видеоқоржынында жаңа бір видео пайда болды. Видео Перуда түсірілген. Шетелде жүрген ресейлік Путиннің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жазуы бар киім киіп алған украиндықты кезіктіреді. Іс-әрекетінен қызба адам екендігі байқалып тұрған орыс украиндықтың иығына қолын қойып алып "өнегелі" өсиет-әңгіме айтқысы келді. Әрі жаңағы киімді шешіп тастауды "сұрайды". Украиндық азамат блогер болып шығады. Ол өз кезегінде сабырлылық танытып, төбелесіп кетпей, киімді де шешпей орыстан әзер құтылады. Бір минутқа созылса да саяси бояумен боялған бұл бейнежазбаны украиндықтың жұбайы түсіріп тұрған. Ресейде аталмыш видео күн санап танымалдылық жинап, қызба орыс жұлдызға айналуда. Ресейлік БАҚ-тың ойынша "Перуде жүрген ресейлік Путинді қорлайтын жазуы бар киімді киіп алған украиндық блогердің киімін шешкізіп тастайды". Шын мәнінде не болғаны видеода айқын көрініп-ақ тұр. Youtube-тағы дәл сол видео бұрмаланып монтаждалған. 

Қатысты Мақалалар