Құралбек Мамырбек
Ол елу тоғыздан кейінгі санды сұраған адамға ренішпен қарайтын , кейде тіпті сайқы мазақ еткендей ашуланып кететін әдеті бар еді . Соңғы кездері сұрасаң үнсіз меңірейіп қалатын болды , күз ақырының бөктердегі боз тұманындай бүк түсіп қалады, тіс жарып ештеңе айытпайды . Тек үнсіз ойлардың жетегінде ұзақ отыратын , барлық наласын өзі ғана кіріп – Шығатын қараңғы , тар бөлмесіне апарып тғып қоятындай , әредік пәртілағыш қара түнектің зіл – Батпан дабылаына жарыса жаңғырысқан , сары жұрттың меңіреу шоқпарларындай , ауыр да нәумез күрсініп қояды .
Ол өзінің биыл дәл елу тоғызда екенін анық біледі , келер жылы алла бұйырытса , сол өзі өмірі айтып көрмеген санға жасы толады , сол кезде жасын сұрағандарға не демек ? елу тоғызға былтыр келгем дейді ғой , жо , жо , жоқ , ол мүлдем жауап қатпайды . Сүркейлі жақпарлардың суық ажарындай сұстана қарап отыра берер . Он жыл жауап бермеуі де мүмкін ! үйткені алпыспай атасының аты кетіп қалады …
Ол бір бейшара кемпір . Бейшара болғандада жақынғы жылдары тіптен меңіреу болып қалған . Туған қызында "қаншықтың "астына алып сабап тастайтын кезі де болған , сорлы қыз оғанда көндіккен , көндікпей қайытсын , қалай болмасын анасы ғой . Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды демек , бірақ шындап тепкілегенде ауырмай қалсын ба ? етпен сүйек шыдар , жүрек қоса ауырады да . Келіндерін құдағиларындай көреді . Менің өзім оған кез келген ойна түскен біреумін ! қысқасы ол ешкімді тани алмайды . Керісінше оған өкпе артатындар жоқтың қасы , кейде адам ғұрлы көрмейтіндер де шығады . Ондайларға аю апаңның қарғыс толы жанарының өзі ақ сыбағасын беретіндей . Қатыгез тағыдырына беретін жауабы да осыы . Кім оның жанарына ұялаған аждаһа мұңның , тірлігінің тынысын үзбестен , барлық шаттығының бастауын нәжісімен тапалап , адамша кешер тірлігін арбап алып , маңдайға біткен кенішті күндерін жалмап біткен жылан ғұмырының басына ақ тамызып шығарып салмақ? ! оны ешкімде білмейді , ешкімде сезген емес . Өзіне тән еміс – Емісс күрсінулер ғана нәлет айтып , осы жасалмыш тағыдырына нәлет жаудырып жатқандай . Созымен емес , қою тұмандарға күңгіріттене берген , ақшам шамдарындай әлсіз жанарымен ғана айтатындай .
Ол жас кезінен талма әуруімен ауырған , қатты шаршап қалса , немесе көңіл күйі дағыдарысқа ұшыраса болды талып қалады , ауызынан ақ көбік ағып , серейіп жатқанын көргенде түршігіп кетем . Сосында болар ол үйге қонбауға дағыдланғам . Әйітпесе өте Еңбекшіл еді , арқалап әкелетін отындары әлі күнге дейін ел ауызында әңіз ретінде тамсана айтылатын , әсіресе кимешекті кісілер көп айтатын . Бекерге аю апаң болмайды ғой . Бұзауын жамыратпай қайырып берсең ғой , ойхой , шіркін ! аю апаң өңіршеге толы көк сандығын ашқанын күтесің . – Қарғам , күнім , жарығым деп келіп , жуан Ерінімен маңдайыңнан шоп еткізеді де , көп кездесе бермейтін тәттілерінен ұстатады ғой қолыңа . Қолқанатқа жарып , тұрмыстың тауқыметінен бірақ арылғандай бір масайырап қалатыны бар . Ата – Енесінің аруағын ардақтап , сол сыйырларын да "ау – Хаулап "шақырып көрмеді ғой тіпті . Амал қанша , күйеуі Ерте дүниеден өтті де , ауруы асқынып осы күйге түсті , сол бір тек өзі ғана түсінетін тұңғиықтың меңіреу әлпетінде , мың талып , мың түрегеліп келеді . Шібін жанның да шықпайтыны болады екен Деп қаласың . Жасай берсін дейсің !
Жаратқанның осы бір тілсім болмысына Еріксіз таңдай қағасың , адам пендесінің тұпсыз терең сана– Сезімін, құдайдан басқа ешкімде оқып білмесе керек . Тек сансыз хикіметтің ішінен Еріксіз мойындай беруде ғана .
Ол ешкімді тани алмайды . Биыл елу тоғызда , оны өзі анық біледі . Бірақ елу тоғызыншы саннан кейін қырысып қалады , жетпістен кейін сарнап тұр . Содан кейін сұрау сұрағың келеді . Міне ғажап ! ешкімді де танымайтын меңіреу қатын , алжыған кемпір , өзі тастай батып , судай сіңген әулеттің жеті атасы емес , арғы ру атасынан бастап ешқайсы атасы мен апасының , туыс– Туғандарының атын атап көрген емес , жаңылмайды . Бесінші ай оған мәңгілік бесінші , айы жоқ . Елу тоғыздан кейін үнсіздік , ол ешқашан жаңылып көргемеген . Ол бір меңіреу жан , тек тергеуден ғана жаңылған емес …
дайындаған: Бұлғын Сусар