Ақмола облысының полициясы Көкшетаудың ІІБ қызметкері 1989 жылғы Дархан Мұратұлы Еламановты іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, қызметкер 25 желтоқсан күні кешкісін жоғалып кеткен. Одан кейін байланысқа шықпаған. Ақмола облысының ІІД-ның жеке құрамасы іздеуге қосылды.
Белгілері: бойы 170-175 см, денемі бітімі орташа, шашы қысқа, қарақоңыр, қысқы нысанды киім киген.
Д.М. Еламановтың тұрған жері жайлы қандай да бір ақпарат алған болсаңыз полицияға «102» немесе 8-716-2-29-96-00, 8-716-2-25-78-05 хабарласуыңызды сұраймыз.
Сәуле Құсайынова