РФ СІМ Украинада тұтқындалып, өз жазасын Қырымда өтеп жүрген 17 украина азаматын беруді сұрады деп хабарлайды ria.ru. Бұл туралы РФ адам құқықтары жөніндегі уәкіл Татьяна Москалькова мәлімдеді.
Украинаның қорғаныс қызметінің әскери адамдары Одинцов пен Баранов адвокаттарын ауыстыруды сұрады. «Біздің жақын уақыттағы жоспарымызға Қырым мен РФ басқа да субьектілерінде жазасын өтеп жатқан Украинаның сотталған азаматтарын көшіру». Ол үшін жұмыстар атқарылды, қажетті құжаттар жиналды. Ресейдің СІМ Украинаның СІМ украина азаматы екенін растайтын құжаттарды сұратты.
Москалькова Украинаның тергеу изоляторына барып, тұтқынға алынған ресейлік әскери қызметкерлерімен кездесті. «Біз серіктестігімізді тереңдете түсеміз. Ол үшін Украина азаматтарын Ресей территориясында ал Ресей азаматтарын Украина территориясында ұстап отырған азаматтарды ұстау шарттары бойынша екі жақты тәртіп бар. Әсіресе екі ел арасындағы саяси текетірес кезінде ол өте маңызды. Біз саясатқа мән бермедік. Себебі адам құқықтары жөніндегі уәкіл ешқандай шекараға қарамай жұмыс істеуі керек» деді Москалькова.