Дәретханадан табылған сәбиді асырап алды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709191333177_small.jpg

Мәншүк Мәметованың хикаясы сәтті аяқталды деп хабарлайды rikatv.kz. Көктемде дәретхана шұңқырынан табылған сәбиді ақтөбелік ерлі-зайыпты асырап алған. "Үміт" сәбилер үйінде Мәншүк Мәметованың құжаттары ғана қалды. Қыз бала 12-мамырда туылып, 25-де осында әкелінген болатын. Туған кезде өз анасына керек болмай, дәретхананың шұңқырына тасталған, нәжістің арасында жатып, өмір үшін күрескен қайсар қыздың оқиғасы қуанышпен аяқталды. Сәбиді қарашаның 14-де ақтөбелік ерлі-зайыпты бауырына басқан. Мәншүкті асырап алған отбасы туралы ештеңе айтылмайды. Мәлімет құпия саналады. Белгілісі, бұл жанұяның жағдайы жақсы. Бала алу кезегінде төрт жылдай тұрған. Ал, Мәншүкті алған соң, аты-жөнін өзгерткен. Мәншүк кетерден екі күн бұрын сәбилер үйіне тағы бір қыз әкелінген. Зайнура Исокованы Мәртөктегі кеден бекетінде кеденшілер тапқан. Анасы Өзбекстан елінің азаматы. Шарананы "Мәскеу-Ташкент" пойызында туып, өлдіге санап, пакетке орап тастап кеткен. Көкек-ана көп ұзамай ұсталды. Бірақ, ол өз баласынан бас тартты. Зайнураның дені сау, сәбилер үйінде тәрбиеленіп жатыр. Жыл басынан бері "Үміттен" 6 бала асырап алынған. Біреуін Испания азаматтары әкетті. Алты бүлдіршін қамқорлыққа берілсе, үшеуі патронаттық тәрбиеге алынды. Қазір сәбилер үйінде 60 бөбек бар.

 

Қатысты Мақалалар