Ағайын, туғаннан, достардан көмек жоқ,
Сүйенер ешкімің Жалғанда, демек жоқ...
Қамшының сабындай тым қысқа ғұмырда,
Түсінсең, пендеге көп нәрсе керек жоқ...
Жұмысы,ішер ас, киетін киімі,
Жүруге, тұруға жетерлік тиыны,
Басында баспана, тұратын өз үйі,
Тек осы, пендеге керегі жиыны.
Адамсың алдымен жақсы бол, жаман бол,
Сен қандай жағдайда алдымен адам бол.
Байлықтан көзіңді май менен шел басса,
Деген сөз бұл төте - баюға барар жол...
Шіріген бай болдың, тағың бар астыңда,
Шірендің, шалқыдың, сен, асып, тастың да.
Кешегі мүсәпір күніңді ұмыттың,
Болған соң елдегі сен жалғыз бас тұлға...
Тоймайды ол, күн-түні обады, асайды,
Өзіне қаптаған ескерткіш жасайды...
Мінеки, байлық пен астағы алтын тақ –
Онсыз да сорлыдан тек сорлы жасайды...
Жұмаш Көкбөрі, 27.12.2016 жыл.