Кремль сыншысылагерде жүрген кезінде өздерін қинап «Путин – біздің елбасымыз» деп айтқызғандығы жайлы мәлімдеді.
Әйелі мен адвокаты құпия түрде түзету лагерінен алып шыққан 34 жастағы Ильдар Дадин өздерін осылай қинап айтқызғандығы жайлы өз хатында жазып қалдырған деп хабарлайды inopressa.ru, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
Дадин тыйым салынған акцияларға қатысып, екі жыл қамауға алынған болатын.
«Дадин жәй ғана өз ойын еркін білдіру құқығын пайдаланғаны үшін айыпталып, мұның арты физикалық зорлық-зомбылық пен оны өліммен қорқытуға дейін барған», - деп мәлімдеді Юлия Горбунова.
«Құқықтық қызмет органдары Дадиннен айыпты алып тастап, оны «талантты» император деп атады», - дейді Беннетс. Сонымен қатар, аталмыш колонияда болған зорлық-зомбылықтарды айғақтайтын дәлелдерді сотқа тапсырмаған екен.
Алайдағ колонияда жатқан басқа адамдар Дадиннің арызына кәулік жасаған. Дадиннің арыздарын оның әйелі Анастасия Зотова басып шығарған.
«Мен Ильдарды босатып ала алатын шығармын, алайда жоғарыдан бұйрық келмей колонияда жатқан басқа адамдарға жасалынатын зорлық толастамайды. Ресейде тек Кремльдің адамдары ғана шешім қабылдай алады», - деп мәлімдеді Дадиннің жары.
«Халықты түрмедегілердің тағдыры толғандырмайды. Қамауда отырып зорлық көрген басқа адамдардың туыстарын іздестірген кезімде маған өзге адамдардан «Дұрыс оларды қинау керек, олар – қылмыскерлер» деген хаттар жиі келіп түсті», - деп қоса кетті Анастасия Зотова.
Аударған: Назерке Лабихан