Белоруссия президенті Александр Лукашенконың баласы Николай сұхбат берді. Бейне сұхбатты ресейлік 11 жасар оқушы Евгений Гришин алды. Николай оған президенттік резиденция жанында өмір сүретін жануарларды көрсетті. Коляны соңғы сегіз жылда президенттің жанынан көп байқайтын болдық. Алайда бұл Николайдың алғашқы сұхбаты.
11 жасар журналист Николайдың келешекте әкесінің мұрагері болу туралы ойын сұрады.
«Көп адамдар бұл жөнінде менен сұрайды. Алайда президент болғым келмеуші еді. Себебі өмірің ауыр болады. Мүмкін дәрігер болармын адамдарға көмектесетін. Бұл жақсы ғой. Мүмкін әскери саланы таңдаймын. Ойлануға әлі уақыт бар».
Николай жас журналистке отбасының шаруашылығын да көрсетті: 10 ешкі, 7 сиыр, түрлі тұқымды 47 қоян, сәндік тауықтар, қаздар, тауыс, 3 түйеқұс, жылқылар, пони т.б жануарлар бар екен.
Балалар Николайдың мектебіне барды. Оның сүйікті пәні география екен. Николай бірінші сыныптан бастап Ксения деген сыныптасымен үшінші партада отыратынын айтты.
Президенттің баласы театр сыныбын да көрсетті. Коля онда жұлдыздышыны, аяз атаның көмекшісін, Кайды ойнаған екен. Осы жаңа жылда ол ол «Мадагаскар» мультфильміндегі арыстан болып киінеді.
Одан кейін Николай Евгенийді шаңғы теуіп, хоккей ойнауды үйретті. Өзі шаңғы тебуді үш жасынан бастап үйренген екен. Сюжетте балаларға Александр Лукашенко келеді. Ол хоккейстер қалай бой жазатынын көрсетті.

«Нағыз хоккеист ең аз дегенде мың рет құлайды» деп жас журналист құлап қалғанда демеп жіберді.
Ресейлік журналисті Республика Сарайында өтетін жаңа жылдық қойылымға шақырды. Мейрейтойдан кейін Александар мен Николай Лукашенколар оған бейнекамераны сыйға тартты. Оған дейін жас журналист сұхбатты телефонның камерасына түсірген.
Николай саяхаттаған елдері туралы да айтып берді. Оған бәрінен АҚШ пен Эквадор ұнапты.
«Бұл мемлекетте бір аяғыңмен жердің бір бөлігінде тұрсаң, екіншісімен келесі бөлігінде тұруға болады» деп Эквадор туралы айтып берді.
Президенттің кіші ұлы рояльда аптасына төрт рет ойнайды.
«Сен концертке шығасың ба? Сенің тыңдарманың кім?» деп сұрады Николай.
«Әкем концертке өте сирек келеді. Мен көбіне оған үйде ойнап беремін» деп жауап берді Николай.