Шыңжаңдағы қақтығыстан опат болғандар саны 120-дан асады

/uploads/thumbnail/20170708153158807_small.jpg

28 шілде күні Шыңжаң Ұйғыр Автономиясының Ярканд (Yarkand, Қытайшасы Шаче) ауданында қанды қақтығыс орын алып, 120-дай адам қаза тапқан. Ақпараттарға негізделгенде, бір топ қарулы адам билік мекемелеріне шабуыл жасаған. Оқиға туылып бір күн өткен соң ғана Қытайлық Циньхуа агенттігі бұл туралы ақпаратты жариялаған. Циньхуа агенттігінің дерегіне сай, пышақпен қаруланған белгісіз топ полиция бөлімшесі мен әкімшілік мекемесіне шабуылдап, ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқан. Циньхуа агенттігі қанды қақтығыста 13 адам өлді және 31 көлік шағылды деп хабарлаған. Алайда, дүние ұйғырлар конгресі оқиғаның тіпті де үлкен, өлген, жараланған адамдардың одан да көп екендігін мәлімдеген. Конгресстің хабарлауынша, Шыңжаңда демонстранттар мен полиция қақтығысқан, 20 ұйғыр мен 13 полицей қаза тауып, 10 адам жараланған, 67 адам тұтқындалған. Конгресс өкілінің дерегіне қарағанда, ұйғырлар Қытай билігінің қудалауына қарсылық білдірген. Ал, Америкалық «Уолл-Стрит джорнал»-дың ақпараттарына негізделгенде, дүйсенбі күні шабуылшылар 6 сағат ішінде бес орынға шабуыл жасаған. Шабуылшылар оқиға орнына жіберілген 90 адамдық әскери қосынға да шабуылдаған. Қытай әскерилері шабуылшылардың 16-сін атып өлтірген. «Уолл-Стрит джорнал» осы мәліметтерге байланысты Қытайдағы сол оқиға орын алған Ярканд ауданына телефон жалғап, бұл ақпараттардың рас екендігін анықтапты. «Уолл-Стрис Джорнал»-ға телефонда жауап берген бір қонақ үй қызметкерінің айтуынша, айт кезінде көшеде арлы-берлі қайшаслысқан тұрғындар осы оқиғадан кейін мүлдем үйлерінен шығудан қалған.

Ал, Вашингтондық «Азат Азия»-ның айтқандарына сенсек, аталған қанды оқиға кезінде 300-ден артық этникалық ұйғыр қолдарына пышақ, таяқ алып, полиция бөлімшелері мен үкімет ғимараттарына шабуыл жасап, полициямен қақтығысқан. «Азат Азияның» айтуынша, бұл қанды қақтығыс Елішку (Elishku) деген елді мекеннің үш ауылында да жалғасқан. «Азат Азия» 29 шілдеде Яркандтағы оқиға туылған орындағы жергілікті тұрғындарға телефон жалғап, білген ақпараттарына негізделгенде, 28 шілде таңертең Яркандтың екі ауылындағы жергілікті этникалық ұйғырлар полиция бөлімшелері мен үкімет ғимараттарын жарған, қытай полицейлерінің көліктерін өртеген. Этникалық ұйғырлар мен полицейлер арасындағы қақтығыста 120-дан артық адам өлген және Қашғар аймағында төтенше жағдай енгізіліп, аймақты әскери күштер күзетуде көрінеді. Аймақтағы интернет, телефон әлеметтің желілер бақылауға алынғандығын айтқан «Азат Азия» көптеген орындарға телефон жалғай алмағандығын хабарлайды.

Батыс ақпарат құралдарының пікірінше, бұл қақтығыстың негізгі себебі, автономиядағы жергілікті ұлттардың діні мен тіліне қысымның күшеюі, әлеметтің теңсіздік негізгі себеп болып отырған көрінеді. Әсіресе, мешіттерді құрсаулап, айт намазына барғандарды қытай билігінің жазалауы жергілікті халықты ашындырған.

 Дайындаған: Санат Наққазақ.

Дереккөз: Циньхуа агенттігі, «Уолл-Стрит джорнал», « Азат Азия».

 Қамшы” сілтейді

Қатысты Мақалалар