Украинада 2014 жылдың шілде айында 17,119 мың автокөлік техникасы сатылып, тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 47%-ға төмен. Бұл туралы «Укравтопром» қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап BNews.kz хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, шілде айында Украинада жеңіл автокөліктер сатылымы 7,325-ті құрады. Осылайша, жеңіл көліктердің бастапқы нарығы бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 61%-ға төмендеген. Ал жаңа жеңіл автокөліктер үлесі шілде айының бастапқы сатылымдарында 93%-ды, яғни 6,818 мыңды құраған.
Қамшы-ақпарат