Қазақстандықтар екі апта бойы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің үздік тұмарына дауыс берді. Дауыс беру www.expo2017mascot.kz сайтында жүргізілді. Кеше түнде дауыс беру ресми түрде аяқталды, деп хабарлайды Bnews.kz. Дауыс берудің қорытындысы бойынша, «Тенгри мен Бөрі» тұмары бірінші орын -3705 дауыс жинаған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жұмыстарды іріктеу барысында басты екі жағдайға назар аударылды: тұмардың «Болашақ энергиясы» тақырыбына сай болуы және Қазақстанның ұлттық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсету.
Еске салайық, конкурс үстіміздегі жылы мамыр айында басталды. Осы уақыттың ішінде конкурстық комиссияның қарауына Бразилия, Мексика, Венесуэла, Португалия, АҚШ, Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Испания, Босния мен Герцеговина, Бельгия, Литва, Румыния, Польша, Украина, Израиль, Үндістан, Индонезия және басқа елдерден 80-нен астам жұмыс жіберілді.
Қамшы-ақпарат