24 тамызда, Астана қаласында Конституция күніне арналған және қазақстандық велоспорттың ғасырлық мерекесі аясында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, «Тур де Франс 2014» қатысушысы «Астана» велокомандасының капитаны Нибали Винченцоның және отандық велокоманда шабандоздары Якоб Фульсанг, Микель Скарпони, Максим Иглинский, Дмитрий Груздевтың, сонымен бірге велокоманданың бас менеджері, Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың қатысуымен мерекелік веложорық өтті. Бұл туралы Baq.kz жазды.

Мерекелік веложарыс қашықтығы Астана қаласы, «Салтанат Сарайы» алдындағы алаңнан «Астана Арена» стадионы алдындағы алаңға дейін ұзақтығы – 4600 м болған. Жарыстың ерекшелігі - тіркелу кезінде әр қатысушыға лотерея билетінің нөмірі ретінде есептелінген қатысушының тіркеу нөмірі берілген. Спорттық сайыс қана емес, салауаты өмір салтын насихаттау және дене шынықтырумен шұғылдануға, оның ішінде велосипед спортына жастардың назарын аудартуды мақсат еткен мерекелік жарыс аукционынан және веложорықтан түскен қаражат «Қайсар» астаналық спорт клубының тәлімгерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамытуға арналмақ екен.
Қамшы-ақпарат