Мешіт мұнарасынан биік ғимараттар бұзылады

/uploads/thumbnail/20170708153620963_small.jpg

Ыстамбұлда Сұлтан Ахмет мешітінің мұнарасынан асып кеткен ғимараттар қысқартылып қайта жасалады. Бұл туралы  Islam.kz. сайты жазды.

Мешіттің көркін бұзып, мешіт мұнараларымен таласқан Зейтүнбұрны ауданындағы көк тіреген 85 метрлік үш ғимарат 45 метрге дейін қырқылады. Түркияның мемлекеттік кеңесі осындай шешім шығарған.  2011 жылдың қазан айында Ыстамбұл қаласының әкімдігі қаланың тарихи түбегіндегі ғимараттың биіктігіне шектеу қойған болатын. Міне бұл шектеуден шамамен екі есе асып кеткен ғимараттар енді бел ортасына дейін қысқармақ.

Сұлтан Ахмет мешіті Ыстамбұлдағы тарихи құрылыстардың бірі. 1609-1616 жылдары арасында Османлы Патшасы IАхмет тарапынан салынған. Сәулетшісі Седекфер Мехмет. Мұнараларының ұзындығы 43 метр. Бұл тарихи кешен әлемдік мұра болып саналады.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар