Қазақстанда мектеп жасындағы 50 мыңнан астам бала тұрып жатқан 1600 ауылда мектеп жоқ. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов мәлiмдеген.

BNews.kz-тің хбарлауынша, оқушыларды мектепке дейiн тасымалдау жайын сөз еткен министр: «Осы жылы облыстармен бiрлесіп, жақсы жұмысты жүргiзiп, оқушылардың 97,7%-ы мектепке тасымалдаумен қамтамасыз етiлдi. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткiш 15%-ға артты. Статистикаға жүгiнетін болсақ, 1600 ауылда мектеп жоқ. Бұл ауылдарда 50 мыңнан астам мектеп жасындағы бала тұрады. Олардың барлығын оқу орындарына дейiн тасымалдауды қамтамасыз ету керек және жергiлiктi билiк өкiлдерi бұл мәселе төңiрегiнде жұмыс iстеп жатыр. Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында мұндай қажеттiлiктер байқалады», - деп хабарлаған.
Қамшы-ақпарат