Кеше, 25 тамыз Алматы қаласының көшелерінің бірінде ілінген жарнама Қазақстандық жұртшылықтың наразылығын тудырған еді, жұрт көп жүретін көшеде ілінген постерде Қазақ халқының Ресей отаршылдарына қарсы жорық замандарында домбыра үнімен елін жұбатқан Құрманғазы Сағырбайұлы мен орыс жазушысы Пушкиннің сүйісіп тұрғанын бейнеленген. "Студия 69" клубының бұндай жарнама берудегі мақсаты қызтекелердің азғындық қатынастарын насихаттау болған.
Кеше, түстен кейін өз еріктерімен жиналған наразы жұрт құзырлы органдарға ұлтты қорлаған жарнаманы жасатушылар мен жасаушыларды жазаға тарту туралы шағым тапсырды. Олардың арасында әншілер Өктем Алтаев, Сәкен Майғазиев, Мақсат Рахмет, Асылхан Төлепов, Артур Төлепов, Ерлан Алимов, Құрманғазының ұрпағы Нұркен Халықберген де бар. Ал, Tengrinews.kz-тің жазуынша жарнама агенттігі өз әрекеті үшін кешірім сұраған. Олар өз әрекеттерін «постер шағын топқа ғана арналған, атап айтқанда, байқау үшін ғана жасалды, ол байқауда жоба қола жүлдеге ие болды», - деп түсіндірген. Сондай-ақ: "Біз принт әлеуметтік желілер мен баспасөзде бұрын-соңды болмаған дүрлігу туғызады деп ойламадық. Бұл жұмыс сыртқы жарнама үшін қолданылмады және бір жерге орналастыруға арналмады. Ол тематикалық клуб орналасқан көшелердің қиылысын меңзейді. Біз бұл макет ар-намысына тиген және жиіркенішін туғызған адамдардан шын жүректен кешірім сұраймыз. Орыстың ұлы ақыны мен қазақтың ұлы композиторының мәдениетке қосқан баға жетпес үлесін ескере отырып, біз бұл принттің еш жерден басып шығарылмайтынын, еш жерге орналастырылмайтынын немесе ақылы медиада жарияланбайтынын ресми түрде хабарлаймыз", - дейді мәлімдеме жасады агенттік өкілдері.
Қамшы-ақпарат
Пікір қалдыру