Жайлау сонысындағы жасыл іздер. Омарғазы АЙТАН

/uploads/thumbnail/20170709212755239_small.jpg

(Поэма)
 


 

Жалғыз жүріп келеді Жанұзақ,

Жым-жырт жатыр алдында жасыл тау.

Дірілдеп толқиды жыр-қуыстарда

Күлгін сағым

Жұқа пердедей түскі алау.

 

Көкшіл жусан езіліп

Насыбай болады ат тұяғында.

Қызғыш изен бояуымен

Тынымсыз үйкейді

Ашты тозаңын

Қыр қияғына.

 

Қояндар шоңқиып,

Түлкілер бұлаң етіп бұрылғанша,

Келіп жеткен еді

Тау аңғарына

Қойнаулар самалы бетіне ұрылғанша.

 

Өшкін тартқанда бөктер тау

Көктемнің алғашқы сонысын басып

Жылқышы емес еді ол жоқ жоғалтқан,

Ғайып болған бір түнде

Жылқысы жайлауға қашып.

 

жылқышы емес еді ол жоқ жоғалтқан-

өшкін тартқанда бөктер тау

көктемнің алғашқы сонысын басып,

ғайып болған бір түнде

жылқысы жайлауға қашып.

 

Мал емес қой оның іздегені,

Мал болмаса неге мұншалық

(Жас топырақ,

Жапырылған шөптерге үңіліп,)

Ат сабылтады із шалып?!

 

Жалғыз ұлы еді жоғалтқаны,

Қандай тағдыр екен оны тілеген

Махаббатың қыз таласына ?

Ұшқан құстың зары ма,

Көшкен бұлттың табасы ма  ?

 

Ширек ғасыр өткенде-

жиырма беске келіп,

отау тігіп,

отырса болмас па еді

кемпір-шал

ел сияқты қызғын көріп!

 

Қысқа жіп екен ғой өмір құрғыр,

Амалың не

Көрмеуге келмей;

Өгіз аяңдай

Титықтатса сені,

Тасбақадай қыбыр өнбей.

 

Ақша болса бәнкеде,

Не шара

Отырмасқа отбасында ойға қалып,

Бар болса егер

Тікпес пе еді әйелі

Қара мақпалға

Әппақ күміс кесте салып.

 

Оңай ма бір отау тұрғызу,

Өлтірсі-өгіз.

Киті қанша?

«жұт жеті ағайынды,

Айна көзбен сегіз.»

 

Ол жиырма беске келгенше,

Бір тірлігің болмаса,

Ұят қой ата-анаға,

«құр қасық ауыз жыртады»,

«бата жүрер ме құр аяғыңа?»

 

Биыл ғана едіғой

Жалғыз ат, бір екілі сауын сиыр,

Аз ғана ешкі лақ бітіп;

Өлімнен, күпірліктен сақтаса,

Бірдеме боп қалар дегені

Осы күзде

Темір малдан үміт күтіп.

 

-балам-ай,-деді Жанұзақ.-әттең...

Сұрап мінген сыры жат

Үзіп кетті оның ойын,

Еті семіз үркек ат.

 

Жатыр төменде ағынды өзен

Қой тастардан иір өтіп,

Шыққан еді енді ғана бір мойнаққа,

Өлтіріп кете жаздады-ау хайуан

Үзеңгіде сүйретіп!

 

Күдіктен бе, әлде қауіптен бе?

тоқтағанда бір қырқаға

Жалғыз марал секіріп,

Кім айыптар оны

Ышқына қалса бір бұғы

Қарсы беттен өкіріп.

 

Сыбырлайды жапырақтар,

Жым-жырт жатыр жалпақ тас,

Ұшып өтсе қос көксіл,

Ашық аспан, сені кім ұнатпас.

 

Ақын емес қой Жанұзақ,

Көрмеген өмірінде

Екі ауыз жыр жазып.

Есіне түсірді, бірақ,

Табиғат алдындағы

Өз сезімін тым нәзік.

 

Кім елікпесін мұндайда?

Болсада мейлі ол

Ата орнындағы бір адам.

-аң болсада

Еркіндігі ғой бұл оның

Өз тағдырына ұнаған.

 

Осы еді оның бар айтқаны,

Тоқтап қалды,

Сөкпеді ұлын айыпқа бұйырып.

Демекші еді болмаса:

-әттең, балам, шыдасаң еді

Биылша нәпсіден тиылып.

 

Ой салмай ма бір киік,

Сергітпей ме

Тап-таза бір қарағай

Кір тимеген.

Жаңбырдан қалған тамшы шық,

Бұтақтағы құс баласы-

Осы ұлы поэзия,

Сені, кім сүймеген?!

 

Қарап көзің тойарма

Сол әсем тұлғаға,

Жаңа ғана қауызынан аршылып,

Түсіп тұрғандай бейістен

Бір періште

Жер бетіне

Төрт аяғымен тік шәншылып.

 

Иіп тұрғанда ол сұлу мойынын,

Судырап төгіледі асыл түгі.

Жұп-жұмыр бір мүсін,

Сымға тартқандай,

Білінбейді тал бойының жігі.

 

Қандай аяулы,

Түспесе екен қап-қара көздерге

Үрей көлеңкесі!

Осы ізгі бақытымен

Жасай берсе екен мәңгілік

Табиғаттың сол еркесі!

 

Неге шықынады екен сонша

Тау мырзасы

Алтын тәжін аспанға көтеріп№!

Қайнап қозданулы ма әлде,

Тұла бойында ыстық қан өртеніп.

 

Қауғадай

Басында жасанды бұйра шаш киген

Бір кездергі

Европа серілері емес пе әлде,

Шығып тұрған

Жекпе-жекке түсіп,

Сезім мастығында жан үзгелі?!

 

Балет ойнаса егер

Осы бұғы

Бір операда жігіт орнына шығып,

Түсінер еді

Зауық есірігінің

Сол жасырын сырын ұғып.

 

Күркіреп естілгенде

Сонда оның жуан үні

Музикадай бейне

Пушкин либреттосына жазылған,

Кем болмас еді ол грек мифологиясындағы

Алтын арпаның ион сазанынан.(1)

*(алтын арпа – грек аңызындағы музика аспабының аты, Ион сазы күй аты)

Шығып келсе сол сәт ашық алаңқыға

Мүк басқан бұталар арасынан

Сындардай бір кермарал;

Сақтасын оны бір тағдыр

Жат ниет,

Жау көздердің жаласынан!

Жым-жырт ойға батты Жанұзақ,

Сабыры кетті-ау,

Сол еркек жануардың

Төскейде тосып

Құп жарасқандай, екі әріптес-

Бірі бұғы, бірі марал,

Есіңе түсердей қай-қайдағың,

Адамзат сенің де

Көңілің өсіп.

 

Жүрмеседе ол екеуі

Бір қалтарыста бүлдірген теріп,

Ұқсамасада махаббат қашқынына,

Кім қызықтамай тұра алар

Көңілді бір театрдай

Ғибрат етіп өз жастығына?!

Құс дауысты әндей, сыңсиды төменде

Су сылдыры

Екі бұлақ бірігіп

Екі аша қоныстағы.

 

Отыз жыл шегініп

Есіне түсті Жанұзақтың

Бірінші рет

Жігіт боп толысқаны.

 

Оңай ақ көрінген онда,

Махаббатқа емес,

Өмірге ынтығып алдымен.

Тұңғыш рет тыңдаған неке заңын

Қатар отырып қалыңдығымен.

 

Дәл осы қоныс –осы сай,

Бір кіріп қайта шыққанда

Райондық үкіметтің әппақ үйінде

Он метр көк тырике

Жеткен еді екеуінің той киіміне.

 

Қалыңы жоқ, қасіреті жоқ,

Кірлемеген ешбір жасанды зат

Қайда енді сондағы

Сап алтындай саудыраған

Қадірменді ізгі махаббат?!

 

Тілі болса егер

Айтар едіғой

Жас талдар су бойындағы.

Ұмытылмаса амал не,

Өшпейді-ақ екенғой

Табиғат көлеңкесі адам ойындағы.

 

Із түспеген әлі

Тұр екен жайлау сонысы

Әлденені жаңғыртып?

Жарты ғасыр жасағанда,

Құдай ғой оны алып келген

Иен тауға қаңғыртып.

 

Ашудан ба, ашудан ба:

-отыр жыл өткенде-

Отыз жыл социализм құрып,

Кімдер екен,- деп қалды ол

Сонау ой жаққа қарап,-

Ғашықтар махаббатын саудалаған

Феодолизм базарына кіріп.

 

Айта алмады ол онан арғысын,

Айта алған болса егер

Философия тілімен,

Дер еді:

Махаббат –

Семіз өгіз жүйрік ат, қызыл ақша емес,

Яки бір дырап палто

Қабырғаға ілінген.

 

Дірілдеп тұрған бір ақ сәуле,

Бөле алмайды оны ешкім

Қылышпен кесіп

Ақша бұлт емес және

Иесіз шөлде

Адасқан көшіп.

 

Ұқсайды ол аққан суға,

Аспандай ашық

Тұрар мәңгі

Өз тұнық тазалығымен.

Алтын сәукеледей

Айлы кеште

Бізге жеткен

Мың жылғы ажарымен.

***

2

Өтіп кетті үрейлі бір түн, 
Алғашқы түні еді ол бірақ 
Махаббаттың.
Жұлдызды аспан астындатерең шатқал 
Ұқсайды отау үйіне адамзаттың.

Сақылдап күлгенде үкілер, 
Бір бүршік қабығынан жарылып؛ 
бозарып өшкіндейді қайыңдар 
Күндізгі аппақ жалаңаш!
Ұятынан арылып. 

жартастар бетінің қаяу сызаты ма, 
не екен ол
аққан жұлдыз орнында өшкен?
сол жасыл сызықтар
жазуы ма әлде,
құпя бір тарихтың бастан кешкен? 

отырғанда екеуі 
быр-біріне үнсіз сүйеніп,
ормандар үстінде қалқиды 
ай сәулесі
қарай алмай тұрғандай
быр ақша дидар 
жар төсегінен именіп.

көзі ілініп кетті күлдәкеннің, 
отыр тайбұлан ояу 
қимылсыз құшақтап махаббатын.
азабы жоқ бір ыстық салмақ
ауырлығын емес,
құшақтатқандай оған 
таза рақатын.-

ай бояуы ма сұйылған-
жапырақтар теңбілінің ақ сағымы 
бұзылып құбылады,
балғын шырайда,
қанша жылдарға тең 
ұйқылы тәннің бір қас қағымы?! 

қайсы құс екен 
бұтақтар арасынан.
талмай қараған 
тұздай көзін көгертіп? 
қандай зар екен ол- 
байғұз зары, 
жатырма екен жас сұлу 
әлде оған бірге елітіп?

қара аюма қорқытқан
тұн денесінің
жүндес тонын аударып киіп?"
салақтап тұрма әлде бір маймыл
жеңіл салмағымен бұтақтарды иіп! 

ойланып қалды тайбұлан өзі де, 
тоқтағанда бағана
быр жақпардан жаяу өтіп,
адам ізі түспеген 
осынау иен шатқал жәйін
айтқан еді күлдәкенге әңгіме етіп.

еріп келіпті онда әкесімен, 
екі аю атып 
осында үш күн жатқанда,
ең соңғы бір түні
болған еді сол оқиға

торғай шырылдап,
таң ағарып атқанда. 

дал осы тұйық жартас түбі,
табиғаттың тәбиғи қорғаны. 
бес жыл бұрын мұнан-
быр тал шөп, бір бұтасы 
өзгермеген сондағы. 

қайсы теңіздің суы екен 
тесіп шыққан 
бітеу тас бетінен? 
ұқсайды-
бетіне бір шойын шүмекке, 
мәдениетті <таңыр>
әтеи жасағандай:
быр кездерде өр қүдіретімен. 

үйренген сонда тайбұлан.
қорықпай отыруды/
қап-қар құз жақпарлар төбеден төнгенде,
киік етін боршалап, 
қарын толы жас қуырдақты 
үстіне от жағып"
әкесі құм астына көмгенде. 

ең соңғы сол түні)
болған еді сол оқиға
қарсыдағы бітеушәт)
қалың ну ішінен
естіп қалған тайбұлан жат бір үнді,
дыр ете түскен тұла бойы"
шошынғандай бір жан иесі бейне түсінен. 

Өксиді, кемсеңдейді

Қиналғандай бейне

Жылай алмай ышқынып.

Ұқсамайды сөзге де,

Булыққандай

Әлде неге қыстығып.


аю емес ақырған, 
ырылы да емес қасқырдың, 
емес қой жолбарыс гүрілі де, 
сақаулары ма әлде тәңірінің
адамзаттың алғашқы сөздері 
қалып қойған ұғынылмай,
таңдай дірілінде.
айтып бергенше тайбұлан 
әкесін оятып, 
сап болып тынып қалған сол үреилі үн. 
-құс шығар, - деген баста Жанұзақ,

жасырмады соңынан
-кісі киік ...- деді Тайбұлан,- 

өзі оқыған

шімпензе, орангутандардың бірі

еліктей қалғандай өзіне

елестелгендей бір кішкене

жүндес адамның түрі,-

маймыл ғой ол баяғы,

қорқынышы не оның?

Іліп әкетті бірақ әкесі:

-кесірі болып жүрмесін соның.


жолбарыс, аю, жын болса да меилі ғой, 
тұрып қалған

адам мен аңның арасында 
құдай сақтасын маймылдан
қалдырмасын оның

 зар жолды табасына!

 

Жылан өтседе алдыңнан,

Қасқыр өтсе «а құдай» де.

Ашылады қадамың,

Жолықтырмасын жолаушыға

Ондай азғындарын адамның...


бекер айтыла салмаған шығар-ау тегі 
осы шат- «кісі киік шаты» делініп, 
кімдер екен сол өз заманында
тағы болған 
осынау иенде адамзаттан бөлініп?!

бәлкім ол екі ғашық па,
ашық жерден пана таппай, 
тау үңгірлерін мекен еткен
астына төсек жоқ,-
үстіне көрпе жаппай.

еске түсіргенде сол 
тағылық замандарды,
аздырғанын олардың
адамды әшайтан» етіп,
ойға батасың
«ақ шашті қыз» операсы 
көз алдыңнан өтіп. 

«осыдан бес жыл бұрын 
мүмкін бе сақылдап күлуі
әлде кімдердің кісі киікке айналып?-
албырап ұйықтап жатқан күлдәкен, 
таң ағарып келе жатқанда тағы да,
отырғанда тайбұлан үнсіз ойланып,

көрді ол бір құсты
қалбаң қағып ұшып жүрген 
қою орман үстінде
бір парша көлеңке болып,
о, ғажап!
күліп жібере жаздады өзі де, 
сақылдап күлгенде ол.
теріскеи жартасқа қонып.

дал өзі соның: 
кемсеңдеп қылғынғанда

таңдайын тақылдатып,

мүмкін емес еді оны ойға келтіру 
еш қандай құс баласына ұқсатып!
 

қайдан білсін тайбұлан-

далаға түнеп,

үкі дауысын естіп көрмеген.,
талай естіп жүрсе де бұл дауысты,
матқапы да ол 
Жанұзақтың да есіне келмеген.

кісі киік, маймыл да емес

отыр міне тас үстінде
енді сол үрей құсы. 
қуануға болар еді қанша бөйжеткенді 
қолға түссе, әттең, 
ұлпадай жұмсақ уыс-уыс үкісі!


оятып кетті күлдәкен,
жақындатып өзін ыстық демімен, 
қарай берді тайбұланға,

махаббат қана емес,
көріп тұрғандай 
адал досқа тән бір ұлы қәсиетті 
оның өңінен. 

-не болады-деді ол,- маймыл жыласа?
маймыл емес,
келіп тұрғандай жылағысы өзінің.
көрген еді түсінде....
суреті ме екен ол әлде 
өз сезімнің!?

кемсеңдеиді сыңар маймыл,
кім шыдар!
бұл қайғысына сарғыш көзінің!? 
көрініп тұрғандай онан 
асыл ізгілігі 
миллион жылғы адам мінезінің.


ұқтыра алмайды бірәқ,
айта алмайды....
құдай оған тіл бермеген.
аяныш бардай жұқа ернінде, 
сіріленгенше әбден сәби алақаны, 
шот маңдайы оның не көрмеген?

-қорықсаң күлкіден қорық,
қорқыныш емес көз жас 
адам түсіндегі.-
көлеңкесі ғой ол
күндізгі жарық сәуленің 
қара қағазындай суретшінің
көрінген 
маймұл мүсініндегі.


шығып кетті тайбұлан осыны айтып)
қарсы бетке- 
<кісі киік шатына>, 
оқ қапшығын мылтығын алып. 
ұмытып кетті күлдәкен бәрін,
өз күйбіңімен
жалаңаш қоста қалып.

тұңғыш тәңертеңгілігі еді бұл)
әйел болудың,

тұңғыш рет тамақ пысырып.

кеше кеште атылған 
еліктің салқын еті 
шымырлап қайнағанда,

отырды ол 
әлде нені еске түсіріп. 
 

мың тоғыз жүз

сексен екінші жылы
екі ғашық, 
кім сенер,"
ел жәйләуғә шығар алды 
келді десе 
осылай иен тауға қашып!? 

баян емес күлдәкен, 
тұрмасада ол
жасты көзімен 
қозының қабырында
құрбан болғалы 
махаббаттың ең соңғы сезімімен. 

тонып кеп қалған еді 
оған да бір 
тағдырдың суық ызғары
күздің сұр бұлтындай,
ілініп тұрғанда да желбезегінен,
жан бермеиді ғой 
балық екеш балық та 
бір бұлқынбай. 

айтқан шешесі оған
келіп жатқанда 
кит, кәде,
тойлықтар кесегімен: 
-ұялып өліп барамын 
жалаңаяқ тәйбүләнмен өсегіңнен. 
көр өзің мына жаңа күйеуді -
мырзасы екен жеті ұлдың. 
оңай ма
жеті бірдеи жұп қол: 
құр қалма, балам,-
бұйырған дастарқаннан ондай ырысы мол.
сұйып тиген сол шеше 
быр кезде
өзі де теңін тауып, 
қайтып айтты екен осыны!
қандай нәпсіге ниеті ауып?! 

сыңысып кеткен еді бұл кезде 
екі сезім 
алтын шапқандай ақ күміске."
әрең тұрмай ма сыңғыр етуге 
күйіне келгенде
домбыраның қос ішегі де жіңішке.

әлдебір құстың жұп қанатындай 
ұшып жүргенде махаббат
көңіл кеңісінде
бір дене болып, 
өлтірмекші ме 
әке қолы, шеше қолы 
аяулы сол ғәзез тұлғаны 
екіге бөліп!? 

жыртылған көңіл ғой бұл бұда бір 
жыртылмай ма көйлегің де
үстіңде тозып.
үркіп ұшпай ма құс баласы да, 
шын шошынғанда 
өз ұясынан безіп.

 

Әділ заң қайда ?

Жазылған еді ғой ол

Тармақ-тармағымен.

Басып тұрғандай бейне

Таразының бір басын

Семіз ат, атан өгіздер

Пілдей салмағымен.

 

Кімге айтар дәтін

Бұл қарбаласта

Бар туыстары өзі құда болып,

Араққа тойып қайтқан

Қойны-қонышы сый құрметке толып.

 

Келіп жатқанда құда-құдағилар

Күйеуге бөлек үй тігіліп;

Сол күні кеште

Тұрған  жарау екі ат

Орман арасында

Ор қояндай бұғынып.

 

Мынау еді сонда

Тайбұланның

Достарымен қоштасып тұрып,

Бар айтқаны:

-« кісі киік шатынан» табыңдар бізді,

Тұрмын бетімді соған бұрып.

 

Айтыңдар және әкеме,

Ұрлық емес,

Барымта емес бұл,

Жүрмейді барымта махаббатқа.

Ұқсатамын мен өзімді қазір

Судай тұнық,

Сүттей таза бір затқа.

Еңілік-Кебек емеспіз біз

Екіл еді егерге салатын,

Емес қой екі гуңшы

Матай мен тобықты

 

Басы қатып

Екі ру дауға қалатын,

Заманы да емес бұл Әнет бабаңның,

Өлтіре алмас бізді ешкім

Ат құйрығына тағып.

Жалтарады ғой дөңбек те

Балта тигенше,

Жалтаруғой бұда бір

Әзірше іс артын, аңсын бағып.

 

Дескен де сонда достар жөн көрісіп;

-жауапты ғой барғаныңмен

Қалаға қашып.

Діңкелеп құртар  сені өңкей сұмдар

Бітісіп болғаныңша әбден араздасып.

 

-лақ емес махаббат

Алып шығатын арқалы атпен

Мықты жігіт тақымға басып.

Кеткеніміз жөн сол иенге

Ұятқа қалғанымызша ел алдында

Жыртқыш аңдай ырылдасып.

 

Иіліп сынардай тал бойы ұяттан

Деді Күлдакен  оған әрең қиылып :

-жылайдығой апаң.

Сөкпес бізді бірақ айыпқа бұйырып.

 

Күнә емесқой келін болу!-

Осыны айтты да бір құрбысы

Тізгінін қолына беріп ,

Аттандырып қойды,

Ақ жол тілеп,

Атының айылын ұстап көріп.

 

Не ойға шомды еке Тайбұлан?

Сәл тынып,

Сезілгенде өңінде күңгірт кірбеңкі!

Қалып бара ма,

Осы сырт көлеңкесінде

Көңілінің әлде бір

Шешілмеген ілмегі.

 

Алып берді бір нәрсені,

Қараңғыда

Ат үстінен үңіліп.

Жақындап келген еді ол жігіт,

Деді оған:

Бара жатқам жоқ қой өмірден түңіліп.

 

Кілт мынау,

Өзің емдеп тұрарсың

Әлгі жауыр аттарды.

Орап қойғам бәрін шкафқа салып,

Дәрі-дәрімек керек заттарды.

 

Кідіре қалды  Күлдакен де ,

Бір кетіп,

Бейне өмірге қайта оралып

Тіршілік есігінде тұрған адамдай,

Әлденені есіне алып:

-алдырып алсын әлгі сүт машинаны,

Тұр дейді шүймүмкіде(1)

  1. Шүймүмкі-мал шаруашылық бөлімі деген мағынада

Таяқтары кем қалмасын ,

Айтып қой Ғазизаға осыны ,

Өзі біледі күндік сары май нормасын.

 

Меске емес қайнап тасыған,

Өзінің де көңіл көбігі тасып,

Шошып оянғандай болды Күлдакен,

Әрең үлгірді шоғын басып.

 

-Ал кеттік!- деген Тайбұлан онда,

Есте қалды ғой сол құрбылар

Қарайып қарсы көзден үзілгенше.

Отыр енді аяулы келін

Иен шатқалда,

Өтіп кетті екі түн,

Сауапқа толы бір күн кеше.

 

Емес пе екен сондағы биік шоқылар

Тымақты қазақтар

Отырған малдас құрып ?!

Жеңгелер ме әлде жасыл беткейлер

Сүйеніш болған жас келінге

Қатар тұрып.

 

Мүлгігенде ормандар

Түнгі мешіттей

Қараңғы күңгірімен;

Өзі оқыған сонда табиғат

Ұрлап некесін

Қасиетті дұғадай

Құпия білдірген.

 

Айтылушы еді ғой ескі кітаптарда,

Осындай бір жас келіншек

Күйеуі аңға кеткенде,

Отырады деп жалғыздықта,

Төгеді деп көз жасын

Сағыныш зары әбден өткенде.

Кетті екен қанша олардың

О дүниеге

Қайта орала алмай

Жыртқыш аңдар ауызында ?!

Құдай сақтасын Тайбұланды,

Жолықтырмасын тағдырдың

Ондай жазуына !

 

Тітіреп кетті тағы бойы

Осыны ойлағанда,

Ақсиып көрінгендей

Бір азу тіс аранын ашып,

Шеңбектегендей бір өткір тұяқ

Өз жүрегін,

Тұрып кетті орнынан

Әппақ қудай өңі қашып.

 

Сақтасын ондай көз жастан,

Қиын ғой ойлап-

Адам есіне алуға,

Кеше-қыз, бүгін-келіншек,

Қоспасын тәңірім оны

Осынау иен шатқалда

Жесір қалуға!

 

Кім білген қадрын адамдардың

Сабақтастар қайда екен

Бір кезде

Ойнайтын мектеп алдында шұрқырап;

Неге ренжіген екен сонда,

Тентектеу біреулері

Өте шыққанда

Қағып соғып,

Иығынан жұлқылап,

 

Ғазиз қайда,

Өңкей жас қыз, жас келіншектер

Шелектерін қолына алып,

Айтушы еді ғой қай-қайдағыны

Қатар тұрғанда

Жас бұзауларды

Енесінің бауырына салып.

 

Аз еді оның білетіні

Адамзат тарихынан,

Адамдар қоғамы,

Ыстықсың сен неткен аяулы?!

Қандай төзімдер екен

Емдеп сауықтырған

 Сол қоғам денесіндегі

Мың жылдық қаяуды.

 

Басын қосуды көксеп

Кім екен ойлап тапқан

Алғашқы қауымдарды?

Жәй тобы болса адамдардың

Болар едіғой қазір

Соларды да сағынғалы.

 

Тым құрыса үй мысығы болсада,

Шәуілдеп үрген бір бала күшік,

Жәйнап шыға келді өңі бірдемде

Көлді әкенің,

Көзіне шалынғанда

Арқандаулы екі ат

Таяуда тұрған қасынысып.

 

Мініп шаба жөнелуге,

Қуып жетуге болады  ғой атпен,

қайсы ақын жыр етіп қалдырған оның

ізгі жақындығын адамзатпен?!

 

Тұп-тұнық көздерін айтсаңшы,

Қандай жылылық екен түрған ондағы ондағы?І

Сол адалдық қой

Қанат болған адамға

Жылқы- жылқы болғалы.

 

Емеспе еді осы аттар

Ғашықтарды талай азаптан арқалап қашқан.

Тас қараңғы;

Шытырман тоғай,

Тік қорымдарда аяғын еппен басқан,

 

Жақындап келгенде ол,

Сипап тұрғанда жалын,

Таза тұмсығы, мойнын бұрып;

Қарай қалды екен селт етіп

Сонау арғы ағысқа

Есті жануар

Әлдененің сыбдырын біліп ?!

 

Тіп-тік тігілгенде

Қатар екі қос құлағы

Қамыстай қиылып,

Қатып қалған еді қазықтай

Бар түйсігі бойына жиылып.

 

Танып тұрма,

Әлде қорқынышты бір үрей ме

Елбеңдеп көрінген?

Көре алмады Күлдакен,

Жоқ еді,

Ондайғы  бұл сезгіштік

Тек жылқыға берліген.

 

Алыстан бағып,

Өрмелеп тұрғада әрең жеткенде,

Үркітіп алды ау жас аңшы

Енді ғана қылаңы елп еткенде.

 

Не шара отырмасқа

Салқын тас үстінде солғын көңілмен!

Көрініп тұрғанда

Сай сала, қарсы жоталар

Кетік ыдыстай

Жаңа ғана несібесі төгілген.

 

Кім екен ол атын жетелеп

Түсін тіккен,

Өздері өткен

Кешегі сол таныс жаңқаға

Тағы қаншасы...

Мүмкін, бұрын келіп,

Бұғынып отырған шығар қалқада,

 

Осы еді Тайбұланның

Тастан-тасқа секіре

Келе жатқаны жан ұшырып,

Сол бейне ғой

Қара көбелектей елес болған аттарға

Алыстан дүбір көлеңкесін түсіріп.

 

Елестей қалды Еңілік-Кебек ,

Қандай өкінішті

Қайда жау келіп басқаны.

Сол еді ғой оның да

Бала кезінен

(осы бір трагедия)

Көп оқыған дастаны.

 

Болмасада содырлар заманы,

Мемілекеттік содырлықтың

Тұтас он жылы

Не қалдырған еді бізге ?

Құлақта тұрмай ма әлде соның

Қалдық дыңғыры.

 

Кек алмайды деуге болар ма,

Оңай ма жесірі кетіп,

Зая болған

Кит, кәде, мал ашуы?

Осы бір бықсық намыспен

Қайталанбақшы ма енді қазақтың

Баяғы сол

Қырқысып аңдай таласуы

Елестеп кетті әлденелер,

Сүрініп  жығыла жаздады

Бір қарғымадан

Сыпырылып қалған ғой Еңілік,

Кім ұмытар сол сәби нәрестені,

Сілесі қатқанша  іңгәләп

Бесігімен тау басында қалған.

 

Кім кепіл қоға түссе,

Күлдакенді шашынан сүйреп,

Тоқтыдай өңгермеске алдарына;

Допша теуіп,

Дойыр қолдар балшықтай илеп.

 

 

Кім шыдар өз аяулысы  -махаббатының

Майлық орамалдай

Жат қолда кірлеуіне!?

Сол махаббат қой

Шамшырақ болған

Қозы мен баянның

Бір молаға  кіріп –бірге өлуіне.

 

Бар екені рас болса егер

Осында маймылдар

Табалар ма еді әлде,

Ашты күлкісімен жүндес бетіндегі.

«осы ма, - деп,- сендердің

Адам болып

Ақыл естеріңнің жетілгені ?!»

 

Ұят қой

Адасқан күшік секілді

Көшкен жұртқа қаңғырып,

Қу сүйектей кеміру

Қына басқан көне салттарды.

Байлы білтедей

Ескі жаңжалдарды

Шырақ етіп жандырып.

 

Ашыныш сезіміндегі ашты ой

Үрей көлеңкесінде

Аш қасқырдай қамалап,

Осы еді Тайбұланды

Қосқа жеткенше

Зыр жүгірткен

Қырлы қамшысымен тынбай сабалап.

 

«кеп қалды!»  деген бір ауыз сөз

Қандай сұсты естілуші еді

Баяғы жортуыл- жорықтарда.

Нағашысына алғанша,

Құс екеш құс та

Ұшып үлгерді ғой

Бір қатерге жолыққанда .

 

Аттар тез ерттеліп,

Ене бергенде екеуі

Қалың тоғайдың иін өзегінде,

Шыға келді бір адам

Қарсы жотаның жақын кезеңіне.

 

Ұран салмады ол бірақ «аттан!» деп ,

Көрінбейді қолында

Сойыл, шоқпары.

Тоқтай қалғанда Тайбұлан тез танып,

Кісінеп жіберді аттары.

 

Келген еді Жанұзақ таң ата

Бір ғана  құпия жолымен

Шат басындағы.

Бес жыл бұрын...

Ертіп келген Тайбұланды осы жолмен .

Тас жолы өзінің де

Талай жүрген жасындағы.

 

Білген кеше

Сойғақтаған екі іздері

Жайлау сонысындағы.

Махаббаттың екі жасыл ізі ғой ол

Қатар тартылған

Ата-ананың байырғы қонысындағы.

 

Қорқып келген жоқ ол шабындыдан,

Қорқады киелі кәрінен

Табиғаттың

Не керемет жоқ дейсің

Жан баспаған

Түкпір-түкпірінде

Бұл иен шаттың.

Кім білген жайшлықта

Кесіп алып лақтырғандай біреу

Бауыр етін,

Егіліп опырылғанда ата-ана,

Бағалап жеткізуге болар ма

Сол ғазез жандардың

Балаға деген аяныш құдіретін ?!

 

Талап жеп жатқандай жыртқыш аңғ

Естіліп тұрғандай бір үн

Жеті түнде шырқырап

Күлдәкен емес пе әлде ол ?

Жылап жіберді наушарбан

Сай-сүйегі сырқырап.

 

Білетін ол өзі де

Талай-талай жатқа оқып

«құралай» дастанын .

Ойына оралды ма әлде

«сұлушаш» романы,

Көріп тұрғандай алтайдың

Жолбарыспен алысқанын.

 

Бірде күлкіден, бірде Тайбұлан

Бірде жүрек екіге жарылып,

Қандай ізгі ана мейірі,

Бірдемде

Бұл дүниенің

Қоқыр-қоқсық боқшылығынан арылып.

 

Егіз қозыдай тең өсіріп,

Сүт бергендей

Өзі қатар емізіп,

Кеше ғана жат біреудің қызын,

Қандай сезімдер екен бүгін

Елжіретіп тұрған

Қозым, құлыным, келінім дегізіп?!

 

Айтып түсіндіру қиын

Азғын кісі киіктерге

Адамзат сүйіспеншілігінің

Мұндай ұлылығын,

Ата-ене, келін , махаббат-

Мәңгі өщпейді

Жүректерден

Бұл аяулы ұғым.

 

Қоңыз емес адам қыбырлайтын

Астында боқтықтың.

Бірге тартқан отыз жал

Шал-кемпір

Ыстық суығын

Аштық пен тоқтықтың.

 

Қызығым деуші еді ғой ата –ана

Келін түсіргенде

Пәк тілегімен махаббатың.

Осы махаббат қой

Бізге жеткізген

Мың жыл арқалап

Сол пәк сезімін адамзаттың.

 

Қалыңсыз, кәдесіз

Не арман бар қызда

Теңіне барған?!

Кімдер екен бұл күнде

Өз қызын

Жетім серкеш яки бір тоқтыдай

Адамдықтан безіп

Саудаға салған?

 

Қарғар-ау оларды

Махаббат құрбандары

Талай ақын жыр еткен зар мұңын қосып.

Қайталамаса екен тарих,

Оянбасыншы арулар

Түсінен шошып!

 

Айта алмасада наушарбан

Өз түсінігін

Дәл мұндай жүйеге түсіріп,

Ақылға жеңдірген еді

Сол ауыр шақта да

Өз тілегін өзі түсініп.

 

Таласпады ол бар жылтырары

Жалғыз кемеліне де үйіндегі.

Келін түсірсем деп,

Бар еді сақтап жүрген

Текемет, сырмақ, бір қабат киімдерді.

 

Қолын тартпады сұм әулекерлердің,

Шықпыртқанда екі сиырын

Үй айнала қуалап,

Шыдай алмай Жанұзақ

Отыра кеткенде ақылдан тұралап.

 

Өзі шешіп беріп екі бұзауын

Деді сонда оларға Наушарбан:

-алыңдар, бәрін ал!

Аман болсын құлындарым.

Неге жеткізді хайуан –мал!

 

Осы еді болған оқиға,

Атпен тебіткенде

Жеті бірдей жел окпе үй сабалап,

Кім тең келе алар оларға,

Мінезге мінез көрсетті

Тек иттер ғана тынбай абалап.

 

Күлкісі келді адамның:

Жұқпалы ауырудай

Ұмыт болған

Әлдеқашан микробы құрып,

«қырық байтал», «жесір дауы»

Шыға келгенде ойда жоқта,

Отыз жыл өткенде,

Дәл ауыл қасында бұғынып тұрып.

 

Сүзісіп жатқандай мұнда мал мен адам,

Тең тұра алса егер екеуі

Таразының екі табағында,

Топырақ шашпас деді Қарабай

Өз қызына,

Тап болма еді Мамыр

Көкенайдың қарғыс садағына.

 

Жоқ еді Жанұзақтың өңінде

Құрлану яки бір кейіс көлеңкесі.

Қуаныш нұрына шомған

Ата мейірінен

Көрініп тұрған еді көңіл жәрмеңкесі.

Жаяулап атынан түсіп,

Келді күлкіден де

Ибадан қысылып.

Майыспай ма бір жас шыбық,

Үкілі басымен

Жеңіл самалға иіліп.

 

Кеше түскен келін ғой,

Отыса болмас па еді ол

Өз тауында оңаша.

Қалқалады оны бірақ

Жаңа ғана бүршік атқан

Тобылғы мен ұшқаттың

Жасыл бүрлері балауса.

 

-қорықпады ма ? –депті жанұзақ,

Аяу ғой ондағысы жалғыз келінін.

Қарап қойды қарсыдағы

«кісі киік шатына»

Ашты түтіндей әрең жұтып

Күдік сенімін,-

 

У жұтқандай болдық

Шал-кемпір,

Естілмеді ме ондай бір

Үрейлі бөтен бір үн?

-үкі екен ғой, әке ол...

Айтып берді Тайбұлан

Өз көргенін.

 

-иен жерғой дегенмен,

Жолығып қала ма деп те

Жабайы аңдардың біріне,

Кемпірде тоқтатпады мені ойбайлап.

Сендер кеткен түнінде...

Әрең айтты ақырын Жанұзақ

Бәсеңдей берді үніде

 

Міңгір араласып,

Түз құсы ғой ол жас келін,

Қаяу түспесін деген шығар бәлкім

Көңілі жасып,

Естіп қалды бірақ ол,

Дірілдеп кеткендей болды

Ақ саусақтары

«жуңхуа» маркалы көк сірінке от алып,

Еңкейген еді

Қу шөмшектерді енді жаққалы,

 

«сұмдық қо» үй шауып,

Бейбіт күнде

Қорадар мал қуғаны!»-

Ақ тұмандай ұлғайып көз аясы,

Осыны ойлағанда

Қу шүперектей қуарып

Біліне қалған еді өңінде

Әлдененің өшкін дағы.

Қымбатқа түссе сонша – келін болу,

Азапқа салса ата-енесін

Келмей жатып,

Қасірет тартпаған қайсы ару,

Қаралы болғандай бейне

Өз тойында өзі қайғыға батып.

 

-кетті асығыс ауданға таң жарығымен

Әлгі екі жігіт

Сендерді шығарып салған,-

Айтты осыны Жанұзақ,

Көтеріп келгенде Күлдакен

Бір меске қою үшін шайды

Жаңа ғана оттан алған,-

 

Болар «асқанға да тосқан»,

Жеп болды өздері де

Жемтік-қоегін.

Не бар дейсің енді жасқанатын,

Айтар ел жұрт өзі-ақ

Әділ төрелігін!

 

Ұшщандай қалды сонда

Ортақ бір қуаныш

Үш адам өңіне қатар шығып.

Құпия жатса да сол сезімдер,

Түсінуге болар еді оны

Тілсіз ұғып.

 

Бір беімге келгендей келін мен ұл,

Қомдалғандай қатар ұшуға

Екі жұбай-екі құс.

Прологы еді ертеңгі заңды тойдың

Ашық өңдердегі бл-

Алғашқы жайдары көрінісін.

 

Именір отырғой олар ата алдында,

Айтар еді болмаса:

Атпен жүріп,

Қатар барып түсеміз, деп,

Дүй кеңсесіне.

Күліп тұрып аламыз, дер және

Қып-қызыл той қағазын

Қою шаштарын құйылған

Махаббаттың алтын кесесіне.

 

Ашып қойды Тайбұлан –

Еменнің айыр бұтағына құйылған

Ақырын күңгірлейді

Сарала бандаути

Бетіне мысық аю суреті ойылған.

 

Түз тағамдары,

Ортаға

Жұқа торғын дастархан жайлып,

Сыңғырлап тоқтатты бір әнші қыз

Жасыл орман үстінде

 « аумаптының»

Соңғы бір шумағын баяу қайырып.

 

Тұран ба, Күлмән ба, Рәпилама,

Жоқ әлде Фатиха ма?

Қуаныш әні ғой бұл

Теңін тапқан.

Жылап тұрған жоқ олар ,

Не жетсін асқан әуенге,

Уақыт қызуымен сезімге шапқан.

Кім қызқпасын

Ұшып жүргенінде.

Қос көксіл еркіндік аспанында .

Сол сурет қой

Қатар екі ұйқастай

Арқау болған

Ақынның ақ көңіл дастанына.

 

Қайырлы болар –ау

Қасиетті дұғадай

Махаббат кәсібіндегі бұл той

Табиғаттың өз құшағында өткен.

Күміс сөлкебай, зер моншақтарындай

Күндізгі алтын сәуле

Таза бояуын

Жапырақтар бетінде дірілдеткен.

 

Жүгіріп өткенде екі шыбар елік,

Соңында

Жайлау сонысында жасыл ізі қалып.

Қоңыраулап тұрған еді тау самалы

Жеңіл музикадай сай ішінде гүл шоқтары

Қызарып.

Құстар қайда,

Қосылсын барша шаттық үндер,

Көрсетші көк аспан

Сен де бар асыл аяңды!!!

Жоталардан салмақты,

Бастау суындай тұнық

Махаббат, еркіндік , поэзия,

Социялизм құшағы

Болсын бәрімізге баянды!

 

1984жыл


Төте жазудан дайындаған: Тілек ЫРЫСБЕК

 

Қатысты Мақалалар