Бауыржан Байбек: Халықты шымкенттік және шымкенттік емес деп бөлуді доғарайық

/uploads/thumbnail/20170709212746889_small.jpg

Алматы әкімі Бауыржан Байбек есеп беру жиналысында , халықты шымкенттік, шымкенттік емес деп бөлмей, істеген істеріне, еңбектенгендеріне қарай бағалайық деді. Бұл жөнінде Tengrinews.kz жаңалықтары хабарлайды.

Әкім муниципалды автопаркты не себепті Шымкенттің Green Bus компаниясының басшылығына тапсырғанын түсіндірді. Оның сөзіне қарасақ, кезінде «Алматыэлектротрансе» компаниясында ақшаны тиімсіз пайдалану жөнінде ақпараттар анықталды.

«Өздеріңізге белгілі ең арзан бөлшектер Шымкентте сатылады. Біздің бастықтарымыз, жетекші мамандарымыз жақсы адамдар болса, тиімді үнемдеуге тырысады, ал пасық адамдар бензин орнына су құйып береді, бөлшектерін шашып, базарларда заңсыз сауда жасаумен айналысар еді. Бұл жағдайлар бір күндері елге көлеңкесін тигізеді. 25 жыл бойы жүргізушілер ақшаны өз қалталарына салып келді емес пе», - деп ызасын білдірді Байбек.

«Бізде Конституция бар. Шымкенттіктерді басқаларынан төмен деп кім айтты? Керісінше, қайта сол 2 миллион тұрғын елімізге әлдеқайда тиімді. Жұмыс олардың емес, олар жұмыстың артынан жүгіреді, ізденеді, талмай еңбек етеді. олардың кез-келген іске пысық екендерін де айтып өту керек. Және дәл шымкенттіктер секілді ешкім жұмыс істей алмайды. Оның үстіне біздің қалада Шымкенттің тумалары көп».

Бауыржан Байбектің айтуынша, Green Bus компаниясына басшылықты тапсырғаны – өте дұрыс шешім.

«Неге шымкенттік компания? Себебі, Шымкент – тұрғындар санны көп үлкен қала. Әрң Green Bus қашан да оң нәтиже көрсететін жеке компания. Біз байқау жүргізгенде Шымкенттің компаниясы жеңіске ие болған еді. Біз бұл таңдауда қателеспедік. Бұл компания талай қарыздарды жауып, 137 автобусты өз есептеріне сатып алған».

Байбектің сөзіне қарасақ, қоғамдағы транспорттың бұрынғы жүйесі қайтып келмейді.

«Сол үшін шымкенттіктерді бөлудің қажеті жоқ. Оның бәрі қисынға қонбайтын әңгімелер. Туып өскен жеріне емес, адамның өзіне қарауымыз керек, оның ісіне көңіл аударуымыз керек», - деп сөзін жалғастырды.

Аударған: Гүлім ЖАҚАН

Қатысты Мақалалар